Сарыбаевтар халықтық отбасылық ансамбілі туған елдің өнері мен мәдениетін 42 жылдан бері дәріптеп келеді. Отбасылық ансамбльді мәдениет ардагері, өмірінің 44 жылын өнерге арнаған, оның ішінде 26 жыл Шаған ауылдық әуез мектебіне басшылық жасаған Өмірбек Сарыбаев құрып, әлі күнге дейін жетекшілік етуде. Өнер...
Аудандық газетті елу жылдан бері үзбей оқимын. Жаңалықтардың жаршысы болған басылымның мен үшін орны ерекше. Тек соңғы жылдары денсаулығыма байланысты көзім көріңкіремей аудандық газет редакциясымен әріптестік байланысты дұрыс орната алмай жүрмін. Десе де ауылдың жаңалықтарын басылымға ұсынғанды жөн көремін....
«Ұстазы жақсының – ұстамы жақсы» демекші, оқушының мықты болуы – мұғалімнің айтқан сөзінде ғана емес, көрсеткен үлгісінде. Қазіргі таңда №37 мектеп-лицейдің мұғалімдерінің баптап қосқан әрбір жүйрігі іргелі алтын ұяның абыройын асқақтатып, білім мен ғылым бәйгесінде олжамен оралуда. Бүгінде...
Білім мен тәрбиенің негізі – бастауыш сыныпта қалыптасады. Мектептің табалдырығын имене аттаған жас жеткіншектің өмірінде бастауыш сынып мұғалімінің алатын орны ерекше. Алғашқы ұстаз әріп танытып қана қоймай, баланың бойындағы қабілетін ашып, болашағына бағыт-бағдар беретін бағбанға айналады. Сондай жанның...
Ауыл балаларына білім нәрін дарыта білген ардақты ұстаз Бақтияр Әбутәліпов талай шәкіртті үлкен өмірге қанат қақтырды. Қашанда білікті педагогтың ағартушылық саладағы жасаған еңбегі өлшеусіз. Шаған ауылындағы іргелі білім ошағында еңбек ететін ардақты азамат талай марғасқа жандардың тағылымын алып, халық...
Мектеп – білім бесігі. Білімнің қайнар көзі мектепте қалыптасатыны рас. Білім ошақтарының білімді ұстаздарының талапты оқушылардың түлеп ұшуына сіңірген еңбегі ұшан теңіз. Газетіміздің бүгінгі шығарылымының «Білім» беті аудан орталығынан шалғайда орналасқан Шаған ауылындағы №37 мектеп-лицейге арналады....
«Мәдениет – мәңгілік, өнер – өміршең» деп бекер айтылмаса керек. Себебі мәдениет пен өнердің ел дамуы мен өсіп-өркендеуіне қосар үлесі шексіз. Қызығымен қоса қиындығы қатар жүретін бұл егіз ұғым – сан ғасырлар бойы мұра болып үзілмей келе жатқан халықтың рухани келбеті, байлығы, асыл қазынасы. «Қай елдің...
Мәдениеттің негізгі мәйегі – өнермен ұштасқан ұлт руханиятының құндылығында жатыр. Қазақ халқында мәдениет пен өнердің толықтай құрылымы – жанрлық ерекшелік пен салт-санаға негізделген шығармашылық тұжырымнан тұрады. Бұл ретте, мәдениет саласындағы көптеген тың дүниені тізбектей бастағанда «Ел іші – өнер...