Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№73 газет

26 қыркүйек 2026 ж.

№72 газет

22 қыркүйек 2026 ж.

№71 газет

19 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » Адалдық – ел дамуының берік негізі

Адалдық – ел дамуының берік негізі

Сыбайлас жемқорлық – қоғамның дамуына кедергі келтіретін аса қауіпті құбылыс. Ол мем­­лекеттік инс­­­ти­туттардың беделіне нұқ­­сан келтіріп қана қой­май, азаматтардың әділ­дікке деген сеніміне әсер етеді. Сондықтан бұл мә­селеге нем­құрайлы қа­рауға болмайды.

Біздің басты ұста­ны­мымыз – заңның үстемдігі, ашық­тық және адал қыз­мет.

Әкімдік қызмет­кер­ле­ріне, мемлекеттік қыз­мет­шілерге және мем­ле­кеттік мекемелерде ең­­бек ететін аза­маттарға ай­­тарым: ха­лықтың сенімі – үлкен жауапкершілік. Әрбір қа­был­данған ше­шім, әр­бір көрсетілген қыз­мет заң талаптарына сай әрі әділ болуы тиіс. Қызметтік өкі­лет­тікті жеке мақ­сатқа пай­­далануға, тамыр-та­ны­с­тыққа, заңсыз сый­ақы алу­ға немесе беруге қан­дай да бір жағдайда жол беріл­мейді.

Сыбайлас жемқор­лық­пен күрес тек мем­­ле­кеттік ор­ган­дар­дың міндеті емес. Бұл – әрбір аза­маттың ортақ жауап­кершілігі. Заң­сыздыққа куә болған жағ­дайда үнсіз қалмай, тиісті органдарға хабарлау – қо­ғам алдындағы аза­маттық ұста­нымның көрінісі.

Біз үшін халықпен ашық диалог орнату, мем­лекеттік қыз­меттердің қол­жетімділігі мен ашықтығын қамтамасыз ету маңызды. Азаматтардың заң­ды құ­қықтары мен мүдделері әр­­­дайым басты назарда бола­ды.

Сыбайлас жем­қор­лыққа жол бер­­меу – тек талап емес, біз­­дің ор­тақ аза­­маттық ұс­та­нымымыз бол­уы керек.

Мен бар­­­­­шаңызды адал­­­­­­дықты берік ұс­тануға, заң­­ды құр­меттеуге және қо­­­­ғамдағы әді­леттілік пен жа­­­уапкершілік қа­ғи­­дат­тарын ны­ғайтуға ша­қы­ра­мын.
Адал қоғамды біз бірге қа­лып­­тастырамыз. Заңға құр­мет – елге құрмет.


Қанат НЕСІПБАЕВ,
Шаған ауылдық
округінің әкімі
Фото: Н.НҰРЖАУБАЙ
26 қыркүйек 2026 ж. 47 0