Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№95 газет

13 желтоқсан 2025 ж.

№94 газет

09 желтоқсан 2025 ж.

№93 газет

06 желтоқсан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Баға тұрақтылығына бақылау жүргізді

Баға тұрақтылығына бақылау жүргізді

Бүгін аудан әкімі Берік Сәрменбаев Тереңөзек кентіндегі сауда нысандарын аралап, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағаларына бақылау жүргізді.

Сауда орталығында аудан басшысы халық күнделікті тұтынатын нан, сүт, ұн, көкөніс, қант, картоп, сәбіз секілді өнімдердің қоры мен бағасын бақылап шықты.

– Баға тұрақтылығы сақталуы қажет. Азық-түлік бағасын негізсіз өсіруге болмайды. Бағаны тұрақтылығын сақтау үшін апта сайын тиісті бөліммен талдау жұмыстары жүргізіліп отырады. Сондықтан халық тұтынатын тауарлар сапалы және қолжетімді болуы тиіс, – деді Берік Әбдіғаппарұлы.

Бүгінде дүкендер тауар бағасын өз бетінше белгілейді. Алайда, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының өткізу құны өндірушінің немесе көтерме саудадағы бағадан 15 пайыздан аспауы
тиіс.
Ауданда азық-түлік қоры жеткілікті, тапшылық жоқ.

Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі

04 мамыр 2024 ж. 319 0