Басылымның табалдырығы – төр, төрі – тұғыр

Газет ұжымы қай кезде де сан түрлі тақырыпта мәселелерді қозғап, оқырманға ой саларлық танымдық мақала бергенді дәстүрге айналдырған. Халықтың сенімін арқалау арқылы өзіндік позицияны ұстанатын ұжымның жұмысы әрқашанда қауырт. Өзім редакцияда бірнеше жыл жауапты хатшы қызметін атқардым. Жыл өткен сайын заман ағымына ілесуді, мақаланы түрлендіріп беруді, дизайн жұмысын жандандыруды қалыптастырдық.
Басылымның табалдырығы – төр, төрі – тұғыр екенін жақсы білеміз. Қасиетті қарашаңырақта жұмыс істеген елдің азаматтары лауазымды қызметтерге орналасып, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы жолында еңбек етуде. Кәсіби мерекемен әріптестерімді құттықтай отырып, газетіміздің беделі арта берсін демекпін.
Шаһарбек НҰРСЕЙІТ,
Халықаралық «Қазақ тілі қоғамы»
қоғамдық бірлестігінің аудандық филиалының төрағасы,
ҚР Журналистер одағының мүшесі