Құрылтай
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№58 газет

04 тамыз 2026 ж.

№57 газет

01 тамыз 2026 ж.

№56 газет

28 шілде 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
» » Мәжіліс депутаты редакция жұмысымен танысты

Мәжіліс депутаты редакция жұмысымен танысты

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Мұрат Ергешбаев аудандық газет редакциясына келіп, шығармашыл ұжымның тыныс-тіршілігімен танысты.

– Сырдария аудандық «Тіршілік тынысы» газеті редакциясында болып, басылымның бас редакторы, аудандық мәслихаттың депутаты Ақтөре Ибрагимұлымен пікірлестім. Кездесу барысында ақпараттық-наси­хаттық жұмысты үйлестірудегі мерзімді басылымның рөлі, жаңа медианың талаптары, сондай-ақ қазақ баспасөзінің бүгіні мен бола­шағы туралы әңгімелестік, – деп жазды әлеуметтік желідегі жеке парақ­шасында Мәжіліс депутаты.

М.Ергешбаев сондай-ақ аудан­дық газет тілшілерінің еңбегін жо­ғары бағалап, басылымның алда келе жатқан 85 жылдық мерей­тойы­мен де құттықтады.

– Түрлі тақырыпта дәйекті ақпарат таратып, жаңалықтың жаршысына айналған аудандық газеттің бүгінде тұрақты оқырмандары қалыптасқан. Басылым биыл өзінің 85 жылдық мерейтойын атап өтеді. Бұл – аудан тарихы үшін де маңызды. Осы ретте өңірімізге белгілі азаматтар еңбек еткен аудандық газет ұжымын айтулы мерейтойымен құттықтап, шығармашылық сәттілік тілеймін, – деп түйіндеді Мұрат Нәлқожаұлы.

«Тт» ақпарат
16 қаңтар 2024 ж. 419 0