Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » «Қармақшы таңы» газеті – тоқсанның төрінде

«Қармақшы таңы» газеті – тоқсанның төрінде

Құрметті «Қармақшы таңы» газетінің ұжымы!
Қадірлі әріптестер!

Сіздерді Сырдария аудандық «Тіршілік тынысы» газеті редакциясының атынан басылымдарыңыздың 90 жылдық айтулы мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

«Қармақшы таңы» газеті – Сыр өңіріндегі өзіндік орны бар, жаңалықтардың жаршысына айналған, өзіндік оқырманы қалыптасқан беделді басылым. Тоқсан жылдық тарихи белесті зор жетістіктермен қарсы алған аудандық газет алғашында «Екпінді» атауымен оқырманға жол тартса, кейіннен «Қызыл Ту», «Коммунизм шамшырағы» ретінде ақпарат айдынында желкен керді. Қармақшы ауданының жасампаз істерге толы шежіресін жазуға, жетістіктерін насихаттауға зор еңбек сіңірген басылым бүгінде жаңа заман талабына сай жылдам әрі мазмұнды ақпарат таратуда. Бұл іргелі ізденіс пен нәтижелі жұмыстың жемісі деп білеміз.

Басылымда ұзақ жылдар еңбек еткен ардагер-журналистерді және Сәрсенкүл Жаудатбекқызы басқаратын шығармашылық ұжымда жұмыс істейтін әріптестерімізді газеттің 90 жылдық мерейлі мерекесімен құттықтай отырып, баршаңызға шығармашылық табыс тілеймін! Құт қонып, бақ дарыған киелі Қармақшы ауданының өркендеуі жолында қаламдарыңыз мұқалмай қызмет ете беріңіздер! Газеттің оқырман көп болғай!

Құрметпен
Ақтөре Ибрагимұлы,
Сырдария аудандық
«Тіршілік тынысы» газетінің
Бас редакторы

13 сәуір 2022 ж. 688 0