Төл мерекедегі мерейлі марапат

Қырық мыңға жуық халыққа үздіксіз 86 жыл бойы ақпарат таратып келе жатқан аудандық басылым өз бағытынан айныған емес. Биік белесті бағындырып, орасан зор жетістікке қол жеткізе білген аудандық газеттің бас редакторы Аружан Мұханбетқали облыс әкімінің «Ұтқыр» номинациясының иегері атанды. Аружан Мұханбетқалиқызы іргелі ұжымда 2021 жылдан бері қызмет атқарып келеді. Тілші, бас редактордың орынбасары қызметін атқарған ол өткен жылдың қараша айында бас редактор қызметіне тағайындалды. Бірлігі жарасқан ұжымға жетекшілік ететін жас басшының жоғарғы марапаты – ұжымның абыройын көтерді.
«Журналист жазған әрбір жол – тарихтың таңбасы» десек, аудандық газеттегі кез келген мақала шежіреге толы құнды мұра екені даусыз. Төл мерекеде мерейі тасыған басылым бас редакторын марапатымен құттықтаймыз!
Б.ОРДАБЕКОВ