Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 47 газет

28 маусым 2025 ж.

№ 46 газет

24 маусым 2025 ж.

№ 45 газет

21 маусым 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
» » Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері мен сала ардагерлерін құттықтауы

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері мен сала ардагерлерін құттықтауы

Құрметті бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері мен сала ардагерлері!

Сіздерді Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күні кәсіби мерекесімен құттықтаймын!

Мемлекеттік саясатты халыққа түсіндіруде айрықша рөл атқаратын, ақиқат сөздің, өткір ой мен шынайы пікірдің және әділ істің жақтаушысы болған қаламгерлердің қоғамдағы орны ерекше.

Мемлекет басшысымыз Қасым-Жомарт Кемелұлы: «Түптеп келгенде, мемлекет те, журналист те ұлт үшін қызмет етеді, ел тағдырын шешуге атсалысады. Өйткені ұлт баспасөзі мен ұлт мүддесі қай кезде де өзектес болған. Қазір де солай. Біздің мақсат-мұратымыз – ортақ. Бұл – баршаға тең мүмкіндіктер беретін Әділетті Қазақстанды құру» деген болатын.
Қазіргі таңда облыстың медиа кеңістігіндегі 150 бұқаралық ақпарат құралында 244 журналист еңбек етеді. Олардың мемлекет пен қоғам арасындағы ашық диалог алаңын жасаудағы, жаңалықтың жаршысы, жақсылықтың хабаршысы болудағы аса жауапты жұмысы өз бағасын алып келеді.

Өткен жылдың қорытындысына арналған жиында аймақтың әлеуметтік-экономикалық, рухани-мәдени дамуы туралы үздік материал ұсынған бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне 7 номинация бойынша облыс әкімінің «Жебе» арнайы сыйлығы тапсырылды.

Ақпарат айдынындағы мамандар заман көшінен қалмай, жаңа медианы меңгеріп, елдікті сақтау, азаттықты баянды ету жолында абыройлы қызмет атқаруда.

Қызығы мен қиындығы қатар жүретін қызметтеріңізге абырой мен сәттілік серік болғай!

Сіздерге еселі еңбектеріңіз үшін алғысымды білдіріп, баршаңызға мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық, шығармашылық табыс пен шалқар шабыт тілеймін.

28 маусым 2025 ж. 245 0