Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 47 газет

28 маусым 2025 ж.

№ 46 газет

24 маусым 2025 ж.

№ 45 газет

21 маусым 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
» » Абайдың өшпес мұрасы

Абайдың өшпес мұрасы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Абай – жаңа Қазақстанның рухани темірқазығы» деп айтып өткен. Абай Құнанбайұлы – қазақ руханиятының биік шыңы. Оның қалдырған баға жетпес мұрасы халыққа рухани азық. Биыл қазақтың дара тұлғасының туғанына 180 жыл толды. Әрбір көпшіліктің жүрегінен орын таба білген өлеңдері мен тәрбиелік мәні зор қара сөздері – халықтың мәдениеті мен ойлауын қалыптастыруға ешқашан өзектілігін жоғалтқан емес.

Абай – ақын, философ, ағартушы, композитор және аудармашы. Ақын­ның қалыптастырған «Толық адам» концепциясы – бүгінде ең өзекті мәсе­ленің бірі. Ақыл, жүрек, қайратты тең ұстау, рухани тәрбиеге мән беру – кез келген орта мен заманда ешқашан маңызын жоғалтпайды. Ал қара сөздері – терең философиялық мән мағынаға ие. Өткен ғасырдағы шыр­ғалаң оқиғалар мен адам болмысын, сол замандағы тіршілік пен саяси жағдайды дөп сипаттаған шоқтығы биік «Қара сөздері» – тұнып тұрған тәрбиеге негізделген. Қазіргі заманның нағыз шындығын айқын бейнелеген секілді. Ащы өмірдің ке­зең­дерінен қалай жол тауып, өтуге септігін беретін қырық бес нақышты сөзді ұғына білген адамзатқа үлкен жетістік іспеттес.

Абайдың әні, Абайдың үні, Абайдың қайталанбас өнер шыңы баршамызға үлгі. Ол өлеңімен ұлттың өзін тануына, өз болмысын түсінуіне жол ашты. Қазақ әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі бола білген ұлы ақынның шығар­маларымен бүгінде әр жас буын етене таныс. Оның қайталанбас поэзиясы – қазақ өлеңдеріне жаңа мазмұн, жаңа түр, жаңа дем әкелді. Шығармаларында ар-ождан, руханият, ізгілік пен зұлымдық, жан мен тән туралы күрделі мәселелерді көтере білді. Мысалы, жиырма жетінші қара сөзінде ақын «Қазақты түзеу керек» деп, халықты өзін-өзі тану, кемшілігін мойын­дау арқылы даму жолын ұсынады.

Абай надандық пен жалқаулықты – ұлттың дамуына кедергі деп санады. Ол ғылым мен білімді тек байлық емес, елді алға сүйрейтін күш ретінде тани білді. Сонымен қатар, қазақ даласына шығыс пен батыстың классикалық мәдениетін қатар әкелген ойшыл ағартушы. Фирдоуси, Низами, Науаидан бастап, Пушкин, Лермонтов, Байрон, Гете секілді Еуропа ой­шылдарының еңбектерін аударған аудармашы. Сондай-ақ Абай көптеген өлеңіне өзі ән жазған. Оның әндері қазақ ән өнерінде ерекше орын алады. Әндері терең сырлы, әуезді, халық жүрегінен орын таба білген қай­таланбас туындылар.
Абай мұрасы – қазақ халқының мәңгілік рухани байлығы. Ол – өткен мен бүгінді жалғап, болашаққа жол сілтейтін шамшырақ. Ұлы ойшылдың баға жетпес шығармаларымен әр ұр­пақ таныс болуы тиіс.

Нұрхан ӘБДІКӘРІМ,
Сырдария аудандық сотының
әкімші басшысы
Фото: Ашық дереккөзден

28 маусым 2025 ж. 314 0