Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№93 газет

06 желтоқсан 2025 ж.

№92 газет

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 газет

29 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Беделі биік басылымға – 85 жыл

Беделі биік басылымға – 85 жыл

Берекесі тасыған іргелі ауданның үнжариясына айналған басылымның беделі қай кезде де биік. Қаламгердің ұстаханасы атанған аудандық газеттің ұстанған бағыты айқын.


Биыл 85 жылдық мерейтойын атап өтіп жатқан басылымның табалдырығы – төр, төрі – тұғыр екенін жақсы білеміз. Себебі редакцияда жұмыс істеген елдің азаматтары лауазымды қызметтерге орналасып, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына ықпал етті.

Өзім де басылымда 1966-1967 жылдары қызмет етіп, газеттің жарыққа шығуына, халыққа таралуына үлес қосқанмын. Бүгінде редакция құрамы жасарып, ақпаратты беру, мәселені көтеру, тұғырлы тұлғалардың есімін жаңғыртуға ұжым елеулі қызмет атқарып келеді. Әрине, өткен күн – тарих.


Бірлігі бекем, тірлігі көркем ел-халықтың ақпарат жаршысы бола білген іргелі басылымның туған күнімен шын жүректен құттықтаймын! Ұжымға шығар­машылық табыс тілеймін!

Мұса КЕЛДІБАЕВ,
аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы
26 наурыз 2024 ж. 395 0