Алыптарға алтын бесік болған Сырдария өнерпаздарының Қызылорда қаласы тұрғындарына мерекелік тартуы

Орталық алаңыда өткен ауқымды іс-шарада тұрғындарға Мемлекет басшысының тапсырмасымен бастау алған "Адал адам" тұжырымдамасының 7 бағыты бойынша және рухани-мәдени құндылықтардан көрсе ұйымдастырылды. Іс-шараға Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары Б.Омаров, "АМАНАТ" партиясы Қызылорда облыстық филиалының төрағасы А.Есмаханов, халық қалаулылары, мәдениет саласының майталмандары арнайы қатысып, көрмелер мен концерттік бағдарламаны тамашалады.
Іс-шараның басталуында Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары Б.Омаров, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, сырдариялық Б.Алпысбаев, Сырдария ауданы әкімінің орынбасары Д.Байдушев сөз сөйлеп, Қызылорда қаласының астана болғанына 100 жыл толу мерейтойымен құттықтады.
Өнер байқауында ауданның мәдениет майталмандары, Сәдуақасовтар халықтық отбасылық ансамблі, «Ұлағат» әкелер анасамблі, "Алтын қазына" ансамблі, "Ритм" вокалды-аспапты ансамблі, "Балауса" халықтық би ансамблдері, сондай-ақ ауданның талантты әншілері мен бишілері әсем ән мен күмбірлі күйден шашу шашып, көрермен ықыласына бөленді. Әрбір өнер нөмірі – туған жерге деген шынайы сүйіспеншіліктің, өнерге деген адалдықтың көрінісі болды.
Қасиетті Сырдария ауданы өнерпаздарының ән-күйіне жиналған қауым ерекше ықылас білдірді.
Сырдария ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі