Мәдениет және ақпарат вице-министрі сыр жұртшылығымен кездесті

Айбек Сыдықов Сыр елі - тарихы терең, рухани мұрасы бай, қазақ мәдениетінде айрықша орны бар өңір екенін атап өтті.
- Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, халықпен жүздесіп, елді толғандырған мәселелерді бірге талқылап жүрміз. Сыр елі - тарихы терең, мәдениеті бай, рухани қазынасы мол өлке. Бұл жерде халқымызға еңбегі сіңген талай тұлғалар шыққан. Жалпы, Мәдениет және Ақпарат министрлігі мәдениет, ақпарат, жастар және отбасы салаларын дамыту бойынша жүйелі жұмыстар атқаруда. Жаңа мәдени нысандар салынып, ескі нысандар жөнделуде. Архивтер мен музейлер цифрландырылып, ұлттық мұраларымыз ЮНЕСКО тізіміне енгізіліп жатыр. Ақпараттық саясат та күшейіп келеді. Биыл жаңа “Масс медиа” заңы қабылданды. Бұл заң журналистердің мәртебесін арттыруға және отандық медианы қолдауға бағытталған. Жастар саясаты мен отбасылық құндылықтарды нығайту - біздің басты басымдықтарымыздың бірі. Жастарды жұмысқа орналастыру, баспанамен қамту және олардың идеяларын қолдау үшін көптеген жобалар іске асуда,-деді Айбек Жексенәліұлы.
Кездесу барысында тұрғындар көкейде жүрген сұрақтарын қойып, вице-министр тарапынан нақты жауап алды.
Кездесу соңында ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің директоры Асқар Омаровтың арнайы Алғыс хаты Өңірлік коммуникациялар қызметінің қызметкерлері Жәния Төребекова, Каюп Мұхаммедшах, Жадыра Серікқалиева және Нұрбек Рахымбаевқа табысталды. Сондай-ақ, облыс әкімінің орынбасары Шахмардан Баймановтың Алғыс хатына Рахман Динар мен Смағұлова Несібелі ие болды.
28 маусым - Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күні мерекесі қарсаңында әріптестеріміздің еңбегі еленіп, марапат төрінен көрінуі - сала мамандарына көрсетілген үлкен құрмет.
Өңірлік коммуникациялар қызметі
Фото: Өңірлік коммуникациялар қызметі
Фото: Өңірлік коммуникациялар қызметі