Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Жаңалық жаршыларына лайықты құрмет

Жаңалық жаршыларына лайықты құрмет

28 маусым - Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінің білікті мамандары өз еңбектерінің лайықты бағасын алды. Түрлі сала басшылары тарапынан марапатталған әріптестеріміздің жетістігі - бұл барлығымыздың ортақ қуанышымыз.

Атап айтқанда, ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі директорының Алғыс хаты Нұрбек Рахымбаев, Жәния Төребекова, Мухаммедшах Каюп, Жадыра Серікқалиеваларға табысталды. Облыс әкімінің орынбасары Ш.Баймановтың Алғыс хатымен Динар Рахман, Несібелі Смағұлова, Сырдария ауданы әкімінің Алғыс хатымен Фариза Омарова марапатталды. "AMANAT" партиясының Алғыс хатына Несібелі Смағұлова ие болды. Мұнарбек Әбілқайыр мен Жәния Төребекова облыстық дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының басшысынан марапат алса, Даулетхан Өмірбекова облыстық төтенше жағдайлар департаментінен құрметке бөленді. Сондай-ақ, Жадыра Серікқалиева мен София Темірболатқа облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының арнайы сыйлығы табысталды.

Бұл - күнделікті адал еңбек пен кәсіби шеберліктің жемісі.
Марапаттарыңыз құтты болсын, қадірлі әріптестер! Еңбектеріңіз елене берсін, шығармашылық шабыт, сарқылмас серпін тілейміз!

Өңірлік коммуникациялар қызметі
Фото: Өңірлік коммуникациялар қызметі
29 маусым 2025 ж. 559 0