Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№73 газет

26 қыркүйек 2026 ж.

№72 газет

22 қыркүйек 2026 ж.

№71 газет

19 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары!

Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары!


Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары!
Қадірлі сырдариялықтар!
Қызылорда қаласының 200 жылдық мерейлі мерекесі аясында Сырдария ауданының ұйымдастыруымен мерекелік іс-шаралар өтеді деп жоспарлануда.
Қызылорда қаласындағы А.Тоқмағанбетов атындағы қалалық мәдениет үйінде ағымдағы жылдың 3 қараша күні сағат 18.00-де «Өнері өрден, орны төрден – Сырдария» атты аудан көркемөнерпаздарының қатысуымен концерт ұйымдастырылады.
Концертте құт қонып, бақ дарыған айшықты ауданның өнерпаздары әуелете ән шырқап, би билеп, сахналық қойылымдар қойып, өз өнерлерін көрсетеді.
Сонымен қатар, Сырдария ауданының демеушілігімен Абай даңғылы мен Ғ.Мұратбаев көшелерінің қиылысындағы алаң жаңғыртылмақ. Бұл серпінді Сырдария ауданының көрікті Қызылорда қаласына мерейтойлық тартуы.
Сіздерді сырдариялық өнерпаздардың мерекелік концертін тамашалауға шақырамыз.

Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі.
31 қазан 2018 ж. 1 685 0