Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Жұмысшы топ отырысы өтті

Жұмысшы топ отырысы өтті

Аудан әкімінің орынбасары Димаш Байдушевтың төрағалығымен «NEET санатындағы және маргинал жастармен жұмыс жасау» жөніндегі жұмысшы топтың кезекті отырысы өтті.

Отырыста жауапты мекемелер мен ұйымдардың аралық есептері тыңдалып, осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстар сараланды. Сонымен қатар, жастармен жүргізіліп жатқан жұмыстардың тиімділігін арттыру және туындаған мәселелерді шешу бойынша нақты тапсырмалар берілді.

NEET санатындағы (білім алмайтын, жұмыс істемейтін және оқымайтын) және маргинал жастарды қоғамға әлеуметтендіру мақсатында кешенді шаралар қабылдау қажеттілігі атап өтілді. Осыған орай, Сырдария ауданы бойынша кент пен ауылдық округтерде зерделеу жұмыстары жалғасатын болады.

Жұмысшы топ жастар арасында құқық бұзушылықтың, жұмыссыздықтың және әлеуметтік бейімсіздіктің алдын алу бағытында жүйелі жұмыстар жүргізуді жалғастырады.


Сырдария аудандық
жастар ресурстық орталығы

29 маусым 2025 ж. 532 0