АСТАНА КҮНІ МЕРЕКЕСІ СЫРДАРИЯ АУДАНЫНДА КЕҢІНЕН ТОЙЛАНАДЫ
"6 шілде – Астана күні" мерекесіне орай серпінді Сырдария ауданында ауқымды мерекелік іс-шаралар өтеді.
«Астана – елдің алтын шаңырағы» атты салтанатты шара 6 шілде күні Тереңөзек кентіндегі орталық алаңда ұйымдастырылады. Шара барысында еліміздің бас қаласы туралы әсем әндер айтылады. Сонымен қатар, осы күні сағат 10:30-дар шамасында орталық алаңнан бастау алып, кенттің Д.Қонаев, А.Әлиакбаров көшелері арқылы А.Тоқмағамбетов ауылына дейін велошеру ұйымдастырылады.
Бүгінде аудандық мәдениет үйі мен клуб кәсіпорындары, кітапхана және музей бойынша Астана күніне орай өткізілетін мәдени шаралар тізбесі нақтыланды.
Сырдария аудандық тарихи-өлкетану музейі және «Еңбек даңқы» залы музейінде 6 шілде күні «Ашық есік» күні өтеді. Аудандық орталық кітапханада «Үлгі болып басқаға, асқақтай бер Астана» тарихи кеш ұйымдастырылса, Тереңөзек кенті клубы «Астана – бейбітшілік пен келісім мекені» атты концерттік бағдарлама ұсынады.
Сонымен қатар, барлық ауылдық округтерде «Жасай бер, жайна Астана», «Астана – Отанымыздың жүрегі, Тәуелсіздігіміздің тірегі», «Асқақтай бер – Астана», «Ел жүрегі – Астана», «Елімнің жүрегі – Астана», «Еңселі Елорда, асқақтаған Астана», «Сарыарқа төріне сән берген – Астанам» тақырыптарында мерекелік концерттік бағдарламалар ұйымдастырылады.
"6 шілде – Астана күні" мерекесіне орай ұйымдастырылатын мерекелік іс-шаралар аудан әкімінің баспасөз қызметі және аудандық "Тіршілік тынысы" газеті арқылы кеңінен ақпараттандырылатын болады.
Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі.
Пікір 3