Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 70 газет

15 қыркүйек 2026 ж.

№69 газет

12 қыркүйек 2026 ж.

№68 газет

08 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » Жергілікті мамандар дәрігерлермен тәжірибе алмасты

Жергілікті мамандар дәрігерлермен тәжірибе алмасты

Сырдария аудандық ауруханасының мамандандырылған дәрігерлері мен медбикелері кеше Қалжан ахун ауылына арнайы іссапармен барып, жергілікті халыққа қабылдау жүргізді.

Тәулік бойы акушерлік-гинекологиялық көмек көрсету және ұйымдастыру стандарттарын бекіту туралы 2021 жылы шыққан №92 бұйрыққа сәйкес, мобильді топ мүшелері тұрғындарға медицналық кеңес берді.

Мобильді топ құрамында акушер-гинеколог Н.Әбішова, онколог М.Халыбева, терапевт-дәрігер М.Мығымбаева, СӨСҚ маманы Л.Ауминова, ЖВФ жауапты мейіргері Ж.Молдахметова болды.

Қалжан ахун ауылында сала мамандары жергілікті халыққа түсіндірме жұмысын жүргізіп, денсаулық жағдайына байланысты кеңес берді. Өз кезегінде сала мамандары фельдшерлік-акушерлік бекеттің мамандары дәрігерлермен жан-жақты тәжірибе алмасты.

29 маусым 2025 ж. 752 0