Ұлы Абайды ұлықтау – парызымыз
Қазақтың аса көрнекті ақыны Абай Құнанбайұлының шығармалары – ұлтымыздың рухани дүниесіндегі шоқтығы биік қайталанбас дара туындылар. Абайдың артына қалдырған мұрасы – халқымыздың ғасырлар бойы маңызын жоймайтын тағылымы мол сарқылмас бай қазынасы.
«Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған Қазақстан Республикасының Президенті Касым-Жомарт Тоқаевтың «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласын оқып шықтық. Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толуына орай жазылған өте құнды мақала. Мақалада қазақтың нағыз шынайы болмысын жасаған ұлы ақынымыз Абайды жаңа заманда бүкіл әлемге таныту мақсаты қойылған. Президент Абайға деген құрмет әрі ұрпақты тәрбиелеудің тиімді тәсілі екендігін атап өтті. Сондықтан да Абай шығармаларын оқу, білу, тану, жаңғырту, насихаттау – берісі исі қазақ баласы, арысы түрік тектес ұлыс-тар үшін де тарихи борыш.
Хайролла ӘБЕНҰЛЫ,
Сырдария аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы
Сырдария аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы