Абай шығармалары – мәңгілік рухани бағдар

Бұл – ой мен сөздің, білім мен тәрбие тағылымының ұштасқан рухани алаңы болды.
Семинарды аудандық білім бөлімінің әдіскері Қ.Қалжанова және мектеп директоры Ж.Назаров ашып, өскелең ұрпаққа тағылым ретінде Абайдың рухына тағзым ету, Абайдың өлеңдері мен қарасөздерін оқыту арқылы рухани құндылықтарымызды дәріптеу,ақынның ұлы мұрасын жас ұрпаққа кеңінен насихаттау мақсатында ұйымдастырылған шараның мазмұны мен мақсатына тоқталды.
Семинар аясында Ж.Сахиевтің «Айдағы жасырынбақ», «Табиғи ресурс түрлері» тақырыптарында ашық сабақтар (С. Кенебаева, Г.Қалбаева), «Заманауи әдіс-тәсілдер арқылы Абай шығармаларын оқыту» және «Connection mnemonics» стратегиясы арқылы оқушылардың есте сақтау қабілетін арттыру» тақырыптарында шебер сыныптар ( А.Абдрахманова, Г. Аманкелдиева ), "Қазақ тілі" мен "Қазақ тілі мен әдебиеті" пәндерінен 5-8, 10 сыныптарда емтихан өткізу тәртібі» тақырыбында түсіндірме жұмыстары (Қ.Қалжанова), «Абай шығармалары – мәңгілік рухани бағдар» әдеби-сазды кеш (Ж.Байсынова, Қ.Досаева, Р.Мұхан, А. Мәлібекова) тағы басқа сурет пен кітап көрмелері ұйымдастырылды.
Абайдың тәлім-тәрбиеге толы қара сөздерін, өлеңдерін мектеп оқушылары, ұстаздары үш тілде мәнерлеп оқып, көрермендердің көзайымына айналса, «Көзімнің қарасы», «Айттым сәлем, Қаламқас», «Желсіз түнде жарық ай» әндерін шырқап, көрермендердің зор қошеметіне бөленді.
Ұлт руханиятының алтын арқауына айналған Абай мұрасы – бүгін де, ертең де мәңгілік бағдарымыз.
Шара соңында семинардың әр бағыты сараланып, қорытынды жасалды.
Білім бөлімінің сертификаты табысталды.