Дөңгеленген дүние бізді де қарттықтың кемесіне мінгізді. Қарттыққа иек артқанда бақилық болған әке-шешемізді, балалық шағымызды сағынғаннан болар, көзкөрген қарттарды жиі еске алатын болдық....
Мына ұсынылып отырған сурет көзіқарақты қауымға жақсы таныс деп ойлаймыз. 1918 жылы сәуір айында Алаш арыстары Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатұлы, Райымжан Мәрсековтердің Шәуешек қаласындағы сапары кезінде түсірілген. Бұл бейнені тарихқа таңбалаған – әуесқой фотограф Мұхаметжан Юсупов....
Ел ішінде тарихи орындар жеткілікті. Қалжан ахун ауылының үстінен өтетін үлкен тас жолдың оң қапталындағы Ишанхан ақсақалдың үйінде кенже ұлы Талапбек тұрып жатыр. Осы үйдің есік алдында Уамық мағзұмның мүрдесіне су алдырған орын бар. Уамық мағзұмның денесі өз шаңырағы бола тұрып, Ишанханның үйінен...
ХХ ғасыр басында қазақ даласында ұлы өзгерістер басталды. Халық бейне шырт ұйқыдан оянған сәби секілді жан-жағына көз салып, келешектің кемесіне ілесудің жолдарын іздеді. Ол, әрине – ілім іздену, білім алу жолы еді. Сол себепті көзі ашық, көкірегі ояу жандар есі кірген балаларын ескіше оқытуды місе тұтпай,...
Айнала ақ тақыр. Көктемгі мол қақ суы тартылғанымен әр жерде ауқымы тарылған қақ жылтырайды. Ала қат жота мен жусан өскен қыратты қызыл, сары қызғалдақпен жауып қойғандай. Көзің де, көңілің де тоймайтын сұлу сурет секілді. Табиғаттың әсем бояуына бөленген жазық дала да ерекше....
Ұлтымыздың дана перзенттерінің бірі – Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы. Осынау ағартушы, шежіреші, ауыз әдебиеті үлгілерін жинаушы, көрнекті ақын, ойшыл, рухани қайраткер Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлының бітім-болмысы, шығармашылық мұрасы зерделеніп біткен жоқ. Халық оны көзі тірісінде-ақ «әулие» атауы – өз алдына бөлек...
Сыр өңірі – әңгіме мен шежіреге тұнып тұрған тарихи мекен әрі өнер кеніші. Осындай елдің бай мұрасын сақтау, оны көрегенділікпен кейінгі ұрпаққа табыстау, аға ұрпақ өкілдерінің естеліктерін жаңғырту – бәріміз үшін ортақ жұмыс. Тарих беттерінде, «Сыр – Алаштың анасы» деп аталуы жайдан-жай болмаса керек....
Түрксіб деген атпен белгілі Түркістан мен Сібірді, яғни оңтүстік пен солтүстікті жалғайтын теміржол жобасының идеясы 1896 жылы патша өкіметі кезінде туған. 1906 жылы Барнаул – Семей – Верный – Пішпек – Меркі – Луговой – Арыс теміржол құрылысына арнайы қаржы бөлінеді....