Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№75 газет

03 қазан 2026 ж.

№74 газет

29 қыркүйек 2026 ж.

№73 газет

26 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
» » Ақжарма ауылында тұрғындар табиғи газ игілігін көріп отыр

Ақжарма ауылында тұрғындар табиғи газ игілігін көріп отыр

Сырдария ауданына қарасты Ақжарма ауылына табиғи газ беріліп, бүгінде тұрғындар көгілдір отынды тұрмыста тұрақты пайдаланып отыр. Ауылға газ тарту жұмыстарына облыстық бюджеттен 1,8 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді. Табиғи газды іске қосу рәсіміне Қызылорда облысының әкімі Мұрат Ергешбаев, облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Тлеумбетов және зиялы қауым өкілдері қатысып, ауыл тұрғындарын жаңа игіліктің іске асуымен құттықтады.

Ақжарма ауылының табиғи газға қосылуы тұрғындардың тұрмыс жағдайын жақсартуға мүмкіндік берді. Қазіргі таңда ауыл тұрғындары үйлерін табиғи газбен жылытып, күнделікті тұрмыста көгілдір отынды пайдаланып отыр. Жоба аясында қажетті жұмыстар толық орындалып, елді мекеннің табиғи газбен қамтылуы қамтамасыз етілді.

Газдандыру – елді мекендердің инженерлік инфрақұрылымын дамытудағы маңызды бағыттардың бірі. Ақжарма ауылына көгілдір отынның келуі тұрғындарға қолайлы жағдай жасап, ауылдың әлеуметтік инфрақұрылымын дамытуға оң ықпалын тигізуде. Бұл – ауыл тұрғындары үшін маңызды әлеуметтік жобалардың бірі.

Өңірде елді мекендерді газдандыру жұмыстары кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда. 2022 жылдан бері облыста 65 млрд теңгеден астам қаржыға 77 газдандыру жобасы іске асырылды. Нәтижесінде облыс халқының табиғи газбен қамтылу деңгейі 83 пайызға жетті. Биыл жыл соңына дейін тағы 10 елді мекенге көгілдір отын қосылып, қамту деңгейін 85 пайызға жеткізу жоспарланған.

Сырдария ауданында бұған дейін Нағи Ілиясов және Шаған ауылдары табиғи газға қосылған. Алдағы уақытта Шіркейлі, Қоғалыкөл және Бесарық ауылдарын газдандыру жұмыстары басталады. Бұл – аудан елді мекендерінің инженерлік инфрақұрылымын жақсарту және тұрғындарға қолайлы жағдай жасау бағытындағы жұмыстардың жалғасы.
03 қазан 2026 ж. 61 0