– Соғыс туралы айт дейсің, ә. Жарайды. Дегенің болсын, айтайын. Бірақ оның саған керегі қанша? Қария мені жаңа көргендей шұқшия қарады. Сосын салалы саусақтарымен басын сипап, кеңкілдеп күліп алды. – Әрине, сендер үшін соғыс – ертегі, соғыс – аңыз, кино секілді. Ал біз болсақ... Ол ұзын-сонар әңгіме...