ДЕРТ ДЕНДЕСЕ – ҚОҒАМ ДЕМІГЕДІ

Әрине, сыбайлас жемқорлық белінен шауып тастайтын өсімдік емес, бұл тамырын тереңге жайған, қоршаған ортаның сау органдарын шырмап, тынысын тарылтатын қауіпті кесел. Кез келген ауруды емдемес бұрын оның пайда болу, туу себептерін біліп, ауруды анықтап, дерттің өршуіне жол бермеу. Кез келген тұлға біреуге сыйақы ұсынып жатқанында өзінің сыбайлас жемқорлыққа барғанын сезінбейді. Ол үшін ең маңыздысы өз ісінің оң шешімін тапқаны болып табылады. Сол себептен бұл күресті әр адам өзін психологиялық тұрғыдан дайын болған да ғана бастаған жөн. Әрбір адам өзінің ар-намысы, абыройының алдында таза боламын деп өмірлік ұстаным ұстанса ешқашан жемқорлыққа жол бермейтіні анық. Сонымен қатар заң алдында барлығының мәртебесі тең екенін ешқашан естен шығармаған абзал. Әрбір азамат өзінің құқығын қорғауға міндетті. Тұңғыш Президентіміз Н.Ә.Назарбаев Жолдауында: «Заңды бұзған екенсің, оның баптарына сәйкес жауапқа тартыласың» дейтін нақты ереже айтқан болатын. Демек, тәртіп – қатаң, заң – ортақ.
«Ұры – қарының серіні » дегендей , «Жемқорлық – сыбайластың серігі». Қоғам дамуының жаңа жолын таңдап, жас мемлекетіміздің буынын берік ұстаймыз десек, уақыттан туындаған әртүрлі кеселдерден айығуды міндетті күн тәртібіне айналдырғанымыз жөн. «Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ» деп қара қылды қақ жарып, турасын айтып, әділдікке жүгінген қаймана халықтың ұрпағы бүгінгідей өз алдына ел болып, еңсесі биік 30 мемлекеттің қатарына жетуді көздеп отырған шақта сол адами қалып-парасат биігінен көрінуге тиіспіз.
Айгерім ҚАНЖАРБАЕВА,
ҚМУ-дың ІІ курс студенті