Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№22 газет

28 наурыз 2026 ж.

№ 23 газет

23 наурыз 2026 ж.

№ 20 газет

17 наурыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Жауапкершілік пен кәсібилік – басты қағидаты

Жауапкершілік пен кәсібилік – басты қағидаты

Күнделікті жұмыс барысында телефонға сан түрлі қоңырау келіп түседі. Көбіне баспасөзге жазылу, мекен-жайға газет кешігіп жету, басылым бетіне мақала жариялау, сайтқа ақпарат орналастыру секілді мәселемен хабарласатын жандар жеткілікті. Ал бүгінгі мақалаға арқау болып отырған кейіпкеріммен жұмыс бабымен жиі сөйлесеміз. Үнемі биязы қалпынан таймайтын Гүлсім Тұсмағанбетова – санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына қарасты эпидемиологиялық бақылау және қадағалау, қызметті жоспарлау және талдау бөлімінің бас маманы.

Басшылықтан тапсырылған жұ­мысты тиянақты әрі уақытылы орындау үлгісін осыдан бірер жыл бұрын коронавирус дерті өршіген уақытта Гүлсім Пернебайқызы аңғарта алған. Заматында ақпарат дайындап, қажетті ақпарат ресурсына дер кезінде жолдап отырды.

– Сәлеметсіз бе? Бізге дерттің өр­шуіне байланыс­ты шұғыл ақпарат керек еді.

– Бүгінгі ақпаратты жолдағалы отырмын. Сәл күте тұрыңыз, – деп байыппен жауап беретін білікті бас маманнан аз уақыт ішінде расталған ақпарат почтамызға келіп түседі. Бұдан бөлек, эпи­демиологиялық бақылау және қадағалау, қызметті жоспарлау және талдау бөлімінің жұмысын жүйелі түрде орындайтын бас маманның құзіретіне көп­теген функционалдық міндет кіреді.

– Бас маман ретінде бөлімнің жұмысын сапалы ұйымдастыруға мүдделімін. Е-лицензиялау жүйесі бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алуға келіп түскен өтініштерді уақытылы қабыл­дауды, тіркеуді және рұқсат беру құжат­тарының уақытылы толтырылып, берілуін жүргізу тікелей құзіретіме кіреді. БАҚ өкілімен байланыс орнатып, басқарма тарапынан жарияланатын барлық мақаланың, ақпараттың дайындалуына атса­лысымын. Әлеу­меттік желіде басқарманың атқа­ратын қызметін кеңінен ақпараттандырамыз. Мемлекеттік қызмет бойынша күнделікті мониторингтеу, «Е-өтініш» жүйесімен келіп түскен жеке және заңды тұлға өтініштерін уақытылы қабыл­дауды, және уақытылы жауабын ұсынылуын қада­ғалауды жүзеге асырамын. Бөлімнің айлық, тоқсандық, жылдық статистикалық формадағы есептілік көрсеткішіне аса мән беремін. Әрине, денсаулық сақтау саласының маңызды бір бөлігі саналатын санитариялық-эпидемиологиялық ба­қы­лау басқармасы мамандарының көзге көріне бермейді. Жергілікті халықтың денсаулық жағ­дайын бағдарлап, эпидемиологиялық ахуалды тұрақ­тандыруға барымызды саламыз. Бұл жерде біліктілік пен сауаттылыққа баса назар аударылады. Әрбір қате ақпараттың артында ұжым еңбегінің зая кетуі тұрады. Сондықтан біз кәсіби тұрғыдан жауапкершілікті сезінеміз, – деді бас маман.

Биыл 47 жасқа келетін Гүлсім Пернебайқызы – отбасында ер азаматына аяулы жар. Мұнай саласында қызмет атқаратын тереңөзектік Айбек Жапбасбаевпен бірге ол 3 ұлдың ата-анасы болып отыр. Қашанда балаларына тағылымды тәлім беретін ардақты жан қызметте де, отбасында да өз міндетін ұмытқан емес. Көркем мінезі арқылы жарқырап, жадырап жүретін Гүлсім Тұсмағанбетова ұжымдағы жас мамандардың ақылшысы.

Балтабай АЯБЕКҰЛЫ

28 наурыз 2026 ж. 58 0