ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ЭКОНОМИКА ДРАЙВЕРІ
Бүгінгі заман – робототехниканың қарышты дамыған кезеңі. Қазірде бұл экономиканы ілгерілетуші салаға да айналған. Өйткені барлық салада жаңаша көзқарас қалыптасып, тиімді технология қолданысқа еніп отыр. Оның ішінде сандық технологияның соңғы үлгісі болған жасанды интеллектке сұраныс күннен-күнге артып келеді. Бүгінде дамыған мемлекеттерде адам жасайтын жұмысты роботтардың атқарып жатқанына көз де үйренгендей. Енді біршама уақыт өткен соң «құлтемірлер» қасымызда қатар жүрсе таң қалмайтын да шығармыз. Осы тұста әлемде жақсы дамыған робототехниканың тарихына үңіліп көрсек.
Негізінде «робот» сөзін ең алғаш чех жазушысы К.Чапек ойлап шығарған. Ол алғашқы ұғымында «жұмысқа шебер адам» мағынасында қолданылды. Сол кезден бастап құлтемірлер адам тәрізді әрекет, қимылдар жасайтын машина, адам жүрісі мен қимылын айна-қатесіз қайталайтын автоматтандырылған кұрылғы болып саналады. Оның тарихында 1464 жылы Леонардо да Винчи 12 жасында адам тәрізді бірнеше қимыл жасауға мүмкіндігі бар гуманоид автоматының жобасын құраған. Ал 1833 жылы Чарльз Бэббидж аналитикалық машинаны құрастырды. Бұл жобаға қатысқан Ада Ловелас – ең бірінші компьютерлік программист болып тарихқа енді.
ХХ ғасырдың бас кезінде Россумның әмбебап роботтары пайда болды. Бұл Карел Чапектың чех тіліндегі фантастика туындысы. Аталмыш туынды ағылшын тіліне «робот» ұғымын енгізді. Ал 1942 жылы ғылыми-фантастикалық мәнерде жазатын жазушы Айзек Азимов робототехниканың үш заңын ойлап табады. Ол заңдар жайлы сол жылы жазылған «Хоровод» әңгімесінде баяндаған. Атап айтқанда, бірінші, бірде-бір робот адамға залал келтіре алмайды немесе әрекетсіздігімен залал келуіне жол бермейді. Екінші, бірінші заңға қарсы келмесе, робот адамның барлық бұйрықтарын орындауға тиіс. Үшінші, бірінші және екінші заңдарға қайшы келмесе, робот өз қауіпсіздігін қамтамасыз ету керек. Осы негізде 1948 жылы Норберт Винер тәжірибелік робототехниканың негізін құрайтын кибернетиканың қағидаларын тұжырымдаған. Сол бойынша 1949 жылы Уильям Грей Уолтер «Тасбақа» деп аталатын алғашқы автономды роботты құрастырып шығарды. Роботтың түрі мен баяу қозғалуына байланысты «Тасбақа» деп аталыпты. Десе де ең бірінші сандық басқаруы бар бағдарламалы робот «Unimate» болған. Ол робот ыстық темір бөлшектерді балқыту машинасынан көтеріп, жинауға арналған. Жалпы айтқанда, толығымен автономды роботтар XX ғасырдың екінші жартысында ғана пайда бола бастады. Міне содан бергі уақытта робототехника саласына ерекше мән берген елдерде қарқынды дамып, бүгінде бұл сала экономиканың драйверіне айналып отыр.
Мәселен робот жасау ісін айта қалсақ, ең алдымен күншығыс елдері ойға түседі. Бұл тұрғыда жапондықтар, қытайлықтар, корейліктер адам таңғаларлық роботтар жасауда алдарына жан салмауда. Мысалы қытайдың мемлекеттік «Синхуа» ақпарат агенттігі әлемде тұңғыш рет жаңалықтар жүргізетін роботты ұсынды. Бұл жөнінде аталған агенттік хабарлады. Оның түр-әлпеті, мінез-құлқы адамды айнытпай салады. Жасанды интеллект арқасында ол «тірі» әріптестерінен үлгі алып, дами алады екен. Виртуал жүргізушінің дебюті өткен жылы 7 қарашада Чжэцзян провинциясындағы интернет бойынша Дүниежүзілік конференцияда өтіпті. Келесі күні ол ресми түрде жұмысына кіріскен. Агенттік мәліметінше, дәл осындай екі диктор болады екен: олардың бірі ағылшын тілінде жаңалықтар оқыса, екіншісі қытай тілінде жаңалық жүргізеді. Синтезделген дауыспен қатарласатын осындай роботтар арқылы агенттік телеарнаға, сайттың және ұялы құрылғыларға жаңалықтарын жылдам дайындай алатын көрінеді. «Синхуа» өкілдері бұл технологияның мән-жайын әлі ұсынбаған. Алайда жаңа роботтардың тәулігіне 24 сағат бойы жұмыс істей алатыны хабарланып отыр. Бұл дегеніңіз қазірдің өзінен жасанды интеллект адам орынын басты деген сөз. Жақын болашақта адамдарға қарағанда жұмысты арзанырақ, жинақы және нық орындайтын құлтемірлер қатары көбеймек. Яки кемел келешекте роботтардың рөлі ерекше болмақ.
Робототехника дамыған елдер тізбегінде АҚШ, Германия, Ұлыбритания мемлекеті де бар. Бұл елдердің де робот жасау ісіне қосқан үлестері мол. Ал аталмыш сала Қазақстанда енді қарқын алып келеді. Алдыңғы мемлекеттерден әлдеқайда артта қалсақ та, жаңа салаға ерекше ден қойылуда. Қазақ баласының да жасанды инттеллект жасауға деген құлшынысы ерекше. Робототехника бойынша әлем елдерімен иық теңескенде мұның ел үшін септігі тимек.

Е.БЕРКІНБАЕВ