Жемқорлықпен күрес – ортақ міндет
Осы орайда Сырдария ауданы әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссиясы құрылып, комиссияның жұмыс жоспары бекітілген. 2025 жылы комиссиясының 4 отырысы өткізілсе, 2026 жылғы І тоқсандағы комиссия отырысын 30 наурызда өткізу жоспарлануда. Комиссия отырыстарында жауапты мекеме басшыларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытында атқарылған жұмыстары баяндалып, олардың нәтижесі бойынша хаттамалық тапсырмалар беріліп, орындалуы қамтамасыз етіледі.
Аудан әкімдігі жанындағы Әдеп жөніндегі уәкіл тарапынан лауазымдары сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне бейім қызметкерлермен профилактикалық іс-шаралар тұрақты түрде жүргізілуде. Сонымен қатар мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде «Қоғамдық санада сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеуді қалыптастыру» қызметі бойынша жыл көлемінде профилактикалық шаралар жүргізілді. Бұл бағыттағы жұмыстар 2026 жылы өз жалғасын табуда.
Мемлекеттік органдардың ұйымдастыру жұмысының сапасын арттыру арқылы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу тиімділігін қамтамасыз ету мақсатында барлық мемлекеттік органдарда №4 Үлгілік базалық бағыты іске қосылды.
Осы ретте Үлгілік базалық бағытты аудан аумағында іске асыру мақсатында 2026 жылға Жобалық карта бекітілді. Жобалық карта 4 жобаны құрайды. Әр жоба бойынша жеке-жеке және қосымша тапсырмалар, олардың орындалуы, яғни басталу, аяқталу мерзімдері белгіленген. Бекітілген жобалық картаға сәйкес, дербес бөлімдер мен оларға бағынысты квазимемлекеттік сектор субъектілерінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізіліп, аудан әкімдігінің ресми сайтына жариялануы қамтамасыз етіледі.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс аясында аудан әкімдігіне қарасты квазимемлекеттік сектор субъектісінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама талаптарын сақтау мәселелері бойынша 2025 жылы комплаенс офицерлермен барлығы 160, ағымдағы жылдың І тоқсанында 16 құқықтық оқыту ұйымдастырылды.
Бұдан бөлек, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруды күшейту мақсатында аудан бойынша қоғам дертіне қарсы бағытталған 15 билборд, 1000 дана жадынама әзірленіп, мемлекеттік органдардың, әлеуметтік нысандардың, халыққа қызмет көрсету орталығының стендтеріне орналастырылды. Осы бағытта арнайы әзірленген бейнероликтер қоғамдық орындарда және әлеуметтік желіде кеңінен таратылып, көрсетілуде.
Сондай-ақ Сырдария ауданы бойынша барлық деңгейдегі әкімдердің сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында қабылдаған шаралары туралы 15 авторлық мақала жергілікті басылымға жарияланды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама нормаларын сақтау жобасы бойынша тиісті жұмыстар өз деңгейінде жүргізілуде. Ағымдағы жылы мемлекеттік органдармен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама нормаларын сақтамау фактілері орын алған жоқ.
Азаматтарға құқықтық көмек көрсету мақсатында «Халық заңгері» жалпы республикалық акциясы өткізілді. Акция барысында заңгерлер, адвокаттар мен мемлекеттік орган өкілдері тұрғындардың барлық сұрақтарына жауап беріп, заңнамалар шеңберінде көмектер көрсетті. Барлық елді мекенде халықтың құқықтық ақпаратқа қол жеткізуін қамтамасыз ету мақсатында «Құқықтық кабинеттер», «Электронды үкімет» веб-порталы арқылы кез келген қызмет түрін алу мақсатында «Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы», мекеме ғимараттарында жеке және заңды тұлғалардың өз мұқтаждары мен ұстанымдарын білдіру мүмкіндігін қамтамасыз ету мақсатында «Жеке және заңды тұлғаларды қабылдау кестесі», «Азаматтар мен заңды тұлғалардың өтініштерін қабылдау» жәшігі орнатылған.
Жалпы ауданда сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау бағытында тұрақты түрде жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл баршамыздың ортақ міндетіміз және жергілікті атқарушы орган саласында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында алдағы уақытта да жүйелі жұмыстар өз жалғасын табатын болады. Қоғам дертімен күресте барлығымыз атсалысуымыз керек.
Берік СӘРМЕНБАЕВ,
Сырдария ауданының әкімі
Фото: ашық дереккөз








