Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№22 газет

28 наурыз 2026 ж.

№ 23 газет

23 наурыз 2026 ж.

№ 20 газет

17 наурыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Батыр атындағы турнир

Батыр атындағы турнир

Жақында ІІ дәрежелі «Айбын» орденінің иегері, полиция аға лейтенанты Талғат Қозыбаевты еске алуға арналған республикалық турнирдің ашылу салтанаты өтті. Турнирдің ашылу салтанатына аудан әкімі Берік Сәрменбаев, облыстық полиция департаментінің бастығы, полиция полковнигі Серік Ергешов, облыстық ішкі істер органдары мен Ұлттық Ұлан ардагерлері кеңесінің төрағасы Әмірбек Шаймағанбетов және Талғат Қозыбаевтың отбасы қатысты.

Аудан басшысы бейбіт күннің батыры Талғат Қозыбаевтың өнегелі өмірі мен ерлігін атап өтіп, республикалық турнирге қатысушыларға сәттілік тіле­ді.

– Халық даналығында «Ерлік ешқа­шан ұмытылмайды» деген нақыл бар. Қызмет бабында қайсарлықпен қаза тапқан батыр ұлымыз, поли­ция аға лейтенанты Талғат Қозыбаев­тың есімі әркез жаңғырып тұра­ды. Өйткені, өз антына адал бол­ған перзенттерін ел ешқашан ұмыт­пайды.Талғат Есентайұлы аудан орта­лығындағы №131 орта мектепте білім алып, Қарағанды қаласында заң факультетінде жоғары білім меңгер­ген. Болашағын құқық қорғау саласы­мен байланыстырған азамат ел тыныш­тығы жолында қызмет етіп, антына адал болды. Бейбіт күннің батыры Талғат Есентайұлы небәрі 25 жасында қыл­мыскердің қолынан қаза тапты. Ел тыныштығын қорғаудағы ерлігі үшін ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен мара­патталды. Оның ержүректігі мен табан­дылығы, азаматтылығы өскелең ұрпақ­қа өшпес үлгі-өнеге етілуде. Өзі қайтыс болған Тартоғай елді мекенінде және өзі туып өскен О.Мәлібаев мөлтек ауда­нындағы көшелерге батыр ұлдың есімі берілді. Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен өзі оқыған орта мектеп Талғат Қозыбаевтың есімімен аталады. Жыл сайын батыр ұлды еске алуға арналған казақ күресінен рес­публикалық турнир өткізіліп келеді. Бұл турнир – тек спорттық дода ғана емес, батырларымыздың рухына тағ­зым, оның есімін ұрпақ жадында мәңгі қал­дыру жолындағы игі іс-шара, — деді Берік Әбдіғаппарұлы.

Облыстық полиция департаментінің бастығы, полиция полковнигі Серік Ергешов, облыстық ішкі істер органдары мен Ұлттық Ұлан ардагерлері кеңесінің төрағасы Әмірбек Шаймағанбетов және батыр ұлдың әкесі Есентай Қозыбаев сөз сөйлеп, турнирдің мән-маңызына тоқталып, өтуіне атсалысқан азамат­тарға алғыстарын білдірді. Арнайы «Алғыс хаттар» табыс етті.

Жарысқа еліміздің түкпір-түк­пі­рінен 10 салмақ дәрежесі бойынша 200-ге жуық жас балуан қатысып, өз шеберліктерін көрсетті. Жеңіс тұғы­рынан көрінген барлық жеңімпаз бен жүлдегерге медаль мен бағалы сый­лық табысталды.

«Тт» ақпарат

28 наурыз 2026 ж. 91 0