Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » «Neet» санатындағы жастарды анықтауға бағытталған жұмыстар қарқынды жүргізілуде

«Neet» санатындағы жастарды анықтауға бағытталған жұмыстар қарқынды жүргізілуде

Аманкелді ауылындағы NEET санатындағы жастарды анықтау мақсатында жүйелі жұмыстар өз жалғасын табуда.

NEET термині ағылшын тіліндегі «Not in Empoloyment. Education or Trai-ning» ұғымының бас әріптерінен құралған, яғни "не жұмыс істемейтін, не оқымай¬тын, не өзге де істермен айналыспайтын адам" дегенді білдіреді. Дегенмен, "екі қолға-бір күрек" деп, уақытша, маусымдық жұмыстарды атқарып, белсенді өмір салтын ұстанатын жастар қатары да аз емес.

Осы күнге дейін елді мекенімізде 7 (жеті) ауыл жасы NEET санатына қосылып келген болатын. Алайда, ауыл әкімі М.Нұрғалиевтің «Жастармен жүйелі жұмыстар жүргізу қажет»,- деген тапсырмасына сәйкес, аталған санаттың 3 (үш) жасына мемлекет тарапынан берілетін қайтарымсыз грант алуына ықпал жасалып, қазіргі таңда NEET санатының қатарын азайтып отырмыз. Мұның өзі жастарға берілген үлкен мүмкіндік.

Қызылорда облыстық жастар ресурстық орталығы және Сырдария аудандық жастар ресурстық орталығымен бірлесе әрбір ауыл жастарымен жекелей жұмыс жасалып, қазіргі таңда сауалнама толтырылып, санақ жұмыстары арқылы жастардың ахуалы анықталды.

Сонымен қатар, аталған санаттағы жастарды қоғамдық ортаға бейімдеу мақсатында алдағы уақытта тиісті жұмыстар жүргізілетін болады.

Жалпы тұрғын саны – 2641, жалпы жастар саны – 565, сауалнамаға қатысқан жастар саны – 536,
Оның ішінде:
Оқушылар – 83, студент – 214, жұмысшы – 150, әскерде – 14,
жұмыссыз – 5 жас анықталды.

Оның ішінде:
ә. бала күтіміндегі келіншек, жалғызбасты ана, ерте ана болған келіншектер – 23,
б. білім нашар, тәжірибесі жоқ, қосалқы шаруашылықтағы ауыл жастары – 24,
в. фрилансер, еркін табысы бар, уақытша жұмыстар жасаушы –16,
г. мүмкіндігі шектеулі, денсаулығы нашарлығы себебінен жұмыс жасай алмайтын -7,

25 қараша 2021 ж. 377 0