Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№23 газет

31 наурыз 2026 ж.

№22 газет

28 наурыз 2026 ж.

№ 23 газет

23 наурыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » Жұмысшы топ отырысы өтті

Жұмысшы топ отырысы өтті

Аудан әкімінің орынбасары Димаш Байдушевтың төрағалығымен «NEET санатындағы және маргинал жастармен жұмыс жасау» жөніндегі жұмысшы тобының отырысы өткізілді.

Жұмысшы топ отырысында жол картасынан туындайтын 2 мәселе қаралды:

«NEET санатындағы және маргинал жастармен жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы» аудандық жастар ресурстық орталығының директоры Айгүл Ахметова баяндама жасады.

Жұмысты одан әрі жетілдіру және NEET санатындағы жастарды өзектендіруді жалғастыру тапсырылды.

Күн тәртібіндегі екінші мәселеге байланысты жергілікті полиция бастығы маргинал жастармен идеологиялық ахуалды сауықтыруға бағытталған шараларды жүргізу туралы хабарлама жасады.

Жауапты орындаушылардың аралық атқарған жұмыстары және қалыптасқан мәселелерді шешу бойынша тапсырмалар жүктелді.

NEET санатындағы және маргинал жастарды әлеуметтендіру бойынша кешенді шаралар қабылдау мақсатында Сырдария ауданы бойынша кент пен ауылдық округтерге зерделеу жұмыстары жалғасатын болады.

@актуальное

Сырдария аудандық
жастар ресурстық орталығы

25 сәуір 2025 ж. 342 0