Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Жастарды қолдау – тұрақтылық пен орнықты дамудың негізі

Жастарды қолдау – тұрақтылық пен орнықты дамудың негізі

«AMANAT» партиясы жанындағы Жастарды қолдау жөніндегі қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті. Жиынға Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасы «Жастармен жұмыс» бөлімінің маманы, қалалық және аудандық кеңестің мүшелері қатысып, барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары ZOOM платформасы арқылы қосылды.

Кеңес отырысының күн тәртібінде 2 мәселе қаралды.

- Арал ауданы бойынша жастар саясатының жүзеге асырылу барысы;

- Қазалы ауданы бойынша жастар саясатының жүзеге асырылу барысы.

«AMANAT» партиясы жанындағы Жастарды қолдау жөніндегі қоғамдық кеңес төрағасы М.Ералиев жиынды ашып, баяндамашыларға сөз берді.

Күн тәртібіндегі мәселе бойынша Қазалы ауданы әкімінің орынбасары Тлеумбетов Дәурен Оңғарбайұлы жастар саясатының жүзеге асырылу ахуалымен таныстырды. Атап айтқанда аудан жастарын әскер қатарына тарту шаралары, NEET санатындағы жастармен жүргізіліп жатқан жұмыстарға тоқталып өтті.

Арал ауданы бойынша жастар саясатының жүзеге асырылу бойынша «Арал аудандық жастар ресурстық орталығы» КММ директоры А.Әбілбаев баяндама жасады.

Қатысушылар тарапынан сұрақтар қойылып, ұсыныстар айтылды.

Жиын барысында кеңес мүшесі Жастар денсаулық орталығы директорының орынбасары аудандардағы жастар денсаулық кабинеті мамандарымен бірлесіп жұмыс жоспарын құруды ұсынды. Сонымен қатар, "Grand Master" бағдарламалау мектебінің директоры А.Жомартұлы ауыл жастары арасында ІТ саласын дамыту бойынша бірлесіп жұмыс жасауға әзір екенін жеткізді.

Кеңестің қорытындысы бойынша алдағы уақытта барлық аудандармен жиын өткізіледі. Күн тәртібінде қаралған мәселелерге жан-жақты зерделеу жұмыстары жүргізіліп, ұсыныстар бойынша тиісті шаралар қабылданатын болады.







Ақтөре Ибрагимұлы,
аудандық мәслихат депутаты,
«AMANAT» партиясының мүшесі




29 маусым 2022 ж. 479 0