Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Басылым мерейтойымен құттықтады

Басылым мерейтойымен құттықтады

Бас дәрігер Жалғасбек Үсенов пен Сырдария аудандық ауруханасының денсаулық сақтау саласы қызметкерлері кәсіподақ ұйымының төрағасы Серік Маханбетов «Тіршілік тынысы» гезеті редакциясына арнайы барып, ұжымды «28 маусым – Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күні» кәсіби мерекесі және басылымның 85 жылдық мерей тойымен құттықтады.


Өз кезегінде бас дәрігер Жалғас Тұрлыбекұлы қашанда аудан медицинасын тұрақты түрде ақпаттандырып келе жатқан бас редактор Ақтөре Ибрагимұлы бастаған ұжым мүшелеріне шығармашылық табыс тіледі.

– Қырық мыңға жуық халыққа ақпарат таратып, оқырманның сүйікті басылымына айналған «Тіршілік тынысы» газетінің жарық көргеніне биыл – 85 жыл. Ауданымызда халықты жергілікті жаңалықтармен, танымдық, тәрбиелік дүниелермен сусындатып отырған «Тіршілік тынысы» газетінің ұжымы қашанда медицина саласын ақпараттандыруға зор үлес қосып келеді. Ақ халатты абзал жандардың орасан зор еңбегін оқырманға кеңінен насихаттау үстінде. Берекесі тасыған іргелі ауданның үнжариясына айналған басылымның беделі қай кезде де биік. Сөзі дуалы қаламгерлердің ұстаханасы атанған аудандық газеттің ұстанған бағыты айқын. Іргелі ұжымды «28 маусым – бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күні» кәсіби мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Ұжым мүшелеріне зор денсаулық, бақыт, кәсіби жетістік тілеймін, – деді бас дәрігер.


Мерейлі сәтте қуанышқа ортақтасып, құрмет көрсеткен бас дәрігер Жалғасбек Үсенов пен Сырдария аудандық ауруханасының денсаулық сақтау саласы қызметкерлері кәсіподақ ұйымының төрағасы Серік Маханбетовке Ақтөре Ибрагимұлы шынайы алғысын айтып, әрқашан бірлесіп жұмыс жасайтындығын тілге тиек етті.

Балтабай ОРДАБЕКОВ 

30 маусым 2024 ж. 163 0