Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Мерейлі марапат иелері

Мерейлі марапат иелері

Редакция қызметкерлері облыс орталығында ұйымдастырылған арнайы жиынға қатысып, мереке қарсаңында лайықты марапат алды.

Атап айтар болсақ, аудандық «Тіршілік тынысы» газетінің тілшісі Бибісара Жанәлі ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің марапатына ие болды. Ал редакцияның бас маманы Нұргүл Сарқыншақова облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталып, мерейі артты.

– Мемлекет басшысы «Әділетті Қазақ­станды құру үшін қоғамда құндылықтар жүйе­сін жаңғыртып, ұлттың жаңа сапасын қалып­тастырудың мән-мағынасы зор. Бұл бағытта еңбекқорлық пен білімпаздықты, адал азаматқа тән қасиеттерді дәріптейтін масс-медиа өкілдері ай­рықша рөл атқарады» деп атап өткен болатын. Өздеріңізге белгілі, Мемлекет басшысы жақында ғана «Масс-медиа туралы» Заңға қол қойды. Бұл заң­ға «Журналистің ерекше мәртебесі» деген ұғым енгізілді, – деді Нұрлыбек Машбекұлы.

Кәсіби мереке қарсаңында марапат төрінен көрінген әріптестеріміз үшін бұл лайықты құрмет болды. Әріптесіміз Бибісара Таңатарқызы 2001 жылдан бастап аудандық газетте абыройлы еңбек етіп келеді. Қаламы қарымды журналист жанынан туған небір сараптама мақалалар талай түйінді мәселелерді қозғап жүр. Аға буын өкілі бүгінде кейінгі жас мамандарға бағыт-бағдар беріп, тәжірибесімен бөлісіп отырады. Ал Нұргүл Ғаниқызының аудандық газет редакциясында елеулі еңбек етіп келе жатқанын 22 жыл болған. Осы уақыт аралығында газеттің сапалы шығуы мен қызметкерлерді ұтымды үйлестіріп, абыройлы жұмыс атқаруда. Облыс төрінде лайықты құрметке ие болып, абырой биігінен көрінген әріптестерімізді шын жүректен құттықтап, абырой-амандық тілейміз.

Айта кетейік, жыл соңында облыс әкімінің бұ­қа­ралық ақпарат құралдары өкілдеріне ар­налған «Жебе» сыйлығы табысталмақ. Үздік материалдарға 7 номинация бойынша 1 миллион теңге тағайындалады.


Аружан МҰХАНБЕТҚАЛИ
29 маусым 2024 ж. 275 0