Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 68 газет

09 қыркүйек 2025 ж.

№ 67 газет

06 қыркүйек 2025 ж.

№ 66 газет

03 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » «Қазақстан Республикасы журналистер одағының» мүшесі атанды

«Қазақстан Республикасы журналистер одағының» мүшесі атанды

28 маусым – Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің кәсіби мерекесі. Мерейлі мерекеде ҚР Суретшілер одағының мүшесі, өлкетанушы Жәнібек Маханбетов пен Сырдария аудандық «Тіршілік тынысы» газетінің тілшісі Балтабай Ордабеков «Қазақстан Республикасы журналистер одағының» мүшесі атанды. Журналистер одағының төрағасы Сейітқазы Матаевтың қолы қойылып, мөрі басылған құжатты бас редактор Ақтөре Ибрагимұлы табыстады.

Сондай-ақ бітқатар әріптестерімізге аудандық мәслихат хатшысы Ержан Әжікеновтің арнайы «Алғыс хаты» табысталды. Олар аудандық газеттің баспасөз маманы Роза Тұрғанбекова, бас маман Нұргүл Сарқыншақова және тарату бөлімінің қызметкерлері Алия Айтжігітова мен Жанар Ізбасқанова.

Марапат биігінен көрініп, мерейі артқан әріптестерімізді шын жүректен құттықтай отырып, еңбектеріне жеміс, шығармашылық табыс, отбастарына амандық тілейміз.

"ТТ" ақпарат
28 маусым 2022 ж. 788 0