БАҚ өкілдері арасындағы шағын футболдан облыстық турнирдің жеңімпаздары анықталды

Спорттық шараға аймақтағы бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлерінен құралған 6 команда қатысты. Жарыс соңында облыс әкімінің орынбасары Шахмардан Асқарұлы жеңімпаз командалар мен үздік ойыншыларды марапаттады.
Турнир қорытындысы бойынша:
Қызылорда Қоғамдық телеарнасы турнир жеңімпазы атанды.
Облыстық “Qyzylorda” телеарнасы екінші орынды еншіледі.
Ал меншікті тілшілерден құралған команда үшінші орынға табан тіреді.
Сонымен қатар, жарыс алаңында ерекше ойын өрнегімен көзге түскен қатысушылар арнайы номинациялармен марапатталды:
«Үздік қақпашы» – Абзал Жолтерек
«Үздік ойыншы» – Бауыржан Қожамұратов
«Үздік шабуылшы» – Шыңғыс Нұрбай
«Үздік қорғаушы» – Нұрлан Жақыпбек
Жарыс жеңімпаздарын шын жүректен құттықтаймыз!
@Қызылорда облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасы
Фото: Қызылорда облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасы