Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Ақпараттық жүйені пайдаланушыны алдағаны үшін бас бостандығынан айрылды

Ақпараттық жүйені пайдаланушыны алдағаны үшін бас бостандығынан айрылды

Сырдария аудандық сотында О.-ға қатысты Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 190-бабының 2-бөлігінің 4) тармағы бойынша қылмыстық іс қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, сотталушы О. жәбірленуші А.-ның сеніміне кіріп, несие рәсімдеу үшін ұялы телефоны арқылы несие тарихын көріп беремін деп ақпараттық жүйені пайдаланушыны алдап, оның ұялы телефоны арқылы «Kaspi Bank» қосымшасына кіріп, құны 700 000 теңге тауарға онлайн несие рәсімдеп, тауарды іс жүзінде алмай, оның орнына 500 000 теңгені ақшалай аударым алып, түскен ақшаны өзінің шотына аударып жымқырған.

Осылайша, сотталушы О. ақпараттық жүйені пайдаланушының сенімін теріс пайдалану, алдау жолымен жәбірленушіге жалпы 700 000 теңге мүліктік шығын келтірген.

Сотталушының кінәсі жәбірленушінің жауаптарымен, және басқа да іс-құжаттарымен дәлелденген.

Сот үкімімен сотталушы О. ҚК-нің 58-бабының 3,6-баптарының талаптарын сай, түпкілікті 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.


Сырдария аудандық соты
Фото: Н.Нұржаубай
27 маусым 2025 ж. 339 0