Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Жол ережесін бұзып, жәбірленушінің денсаулығына ауырлығы орташа зиян келтірген азаматқа жаза тағайындалды

Жол ережесін бұзып, жәбірленушінің денсаулығына ауырлығы орташа зиян келтірген азаматқа жаза тағайындалды

Сырдария аудандық сотында Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 345-бабының 1-бөлігімен сотталушы Ю.-ға қатысты іс қаралды.

Сотталушы Ю. Самара-Шымкент тас жолымен «Subaru Forester»  маркалы көлік құралын басқарып келе жатып ұялы телефонына қараймын деп, қарсы бағытқа шығып кетіп, қарама-қарсы келе жатқан «Mercedes-Benz 230» маркалы көлік құралымен соқтығысып, жол-көлік оқиғасын жасаған. Салдарынан, жәбірленуші Н. денсаулығына ауырлығы орташа зиян келген.

Басты сот талқылауында жәбірленуші Н. сотталушы Ю. дәрі-дәрмекке көмектескенін, алайда  көлік құралы қалпына келтірмегенін, оған кешірім бере алмайтынын көрсетіп, оған барынша жеңіл жаза қолдануды сұрады.

Сотталушының қылмыстық әрекеті өзінің кінәсін мойындаған жауабынан бөлек, жәбірленушінің жауабымен, оқиға болған жерді қарау хаттамасымен, жол көлік оқиғасының схемасымен, сараптама қорытындыларымен және іс бойынша басқа да құжаттармен дәлелденген.

Сотталушы Ю. ҚК-нің 345-бабы 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 1 жыл мерзімге көлік құралын жүргізу құқығынан айыра отырып, 60 сағатқа қоғамдық жұмыстарға тарту жазасы тағайындалды.
 
Сырдария аудандық соты
Фото: Н.Нұржаубай
16 сәуір 2025 ж. 208 0