Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 23 газет

23 наурыз 2026 ж.

№ 20 газет

17 наурыз 2026 ж.

№ 19 газет

14 наурыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Телефон ұрлағаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылды

Телефон ұрлағаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылды

Сырдария аудандық сотында Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 188-бабының 1-бөлігімен айыпталған К.-ның қылмыстық ісі қаралды.

Сотталушы К. 02.04.2025 жылғы Сырдария ауданы, Құмкөл кенорнындағы «Айдан Мұнай» ЖШС-нің ғимаратында орналасқан әжетхананың ішінде қараусыз қалған «Vivo» үлгісіндегі ұялы телефонды көріп,  жасырын жымқырып жәбірленуші Т.-ға 103 000 теңгеге мүліктік зиян келтірген.

Сотталушының қылмыстық әрекеті, іс құжаттарымен және өзінің жауабымен толық дәлелденген.

Сот үкімімен К. Қазақстан Республикасының ҚК-нің 188-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 1 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалып, сол мерзімге пробациялық бақылау белгіленді.

Үкім заңды күшіне енбеген.


Сырдария аудандық соты
Фото: Н.Нұржаубай
28 мамыр 2025 ж. 259 0