Ұрлық жасағаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылды

Сотта анықталғандай, У., К. және Т. 12.11.2023 жылы Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, Тереңөзек кентінде орналасқан тұрғын үй-жайға заңсыз кіру арқылы жәбірленуші Р.-ға тиесілі жалпы құны 1 203 000 теңге тұратын алтын және күміс бұйымдарын және темір сейфтің ішінен
60 000 АҚШ долларын жасырын жымқырған.
Қылмыстық заңнамаға сәйкес, бұл қылмыстық әрекет ауыр қылмыстар санатына жатады. Сотталушылардың қылмыстық әрекеттері іс құжаттарымен толық дәлелденген. Сот үкімімен сотталушылар У., К. және Т. Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 188-бабының 4-бөлігінің 3)-тармағымен кінәлі деп танылып, 5 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған.
Сотталушы Т.-ға қылмыстық құқық бұзушылықтар жиынтығымен 58-бабының 4,6-тармағына сай, түпкілікті 13 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Үкім заңды күшіне енбеген.
Сырдария аудандық соты
Фото: Н.Нұржаубай