Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Мал ұрлағаны үшін 5 жылға бас бостандығынан айырылды

Мал ұрлағаны үшін 5 жылға бас бостандығынан айырылды

Сырдария аудандық сотында Қазақстан Республикасының ҚК-нің 188-1-бабы 3-бөлігінің 2-тармағымен сотталушы Б.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотталушы Б. жәбірлеуші Е.-нің мал қорасына заңсыз кіріп, байлаулы тұрған 1 жылқыны жасырын ұрлап, оқиға болған жерден бой тасалап кеткен. Нәтижесінде қылмыстық әрекеттер салдарынан жәбірленушіге жалпы 250 000 теңге мүліктік шығын келтірілген. Басты сот талқылауы барысында сотталушы өз кінәсін толығымен мойындаған.

Сотталушының кінәсі жәбірленушінің, куәлардың жауаптарымен, оқиға болған жерді қарау хаттамаларымен және басқа да іс-құжаттарымен дәлелденген.

Сот жаза тағайындауда сотталушы Б.-ның бұрын жасаған қылмысы үшін сотты болып, бас бостандығынан шектеу жазасын толық өтегенге дейiн жаңадан қылмыстық құқық бұзушылық жасағанын ескеріп, Қазақстан Республикасының ҚК-нің 188-1-бабы 3-бөлігінің 2)-тармағымен 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындады. Қазақстан Республикасының ҚК-нің 60-бабының 1,4-бөліктері негізінде, Астана қаласы қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының 2023 жылғы 17 шілдедегі үкімімен тағайындалған жазаның өтелмеген бөлігін ішінара қосып, түпкілікті 5 (бес) жыл 2 (екі) ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Сырдария  аудандық сотының баспасөз қызметі
Фото:aikyn.kz/
12 тамыз 2024 ж. 144 0