Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Сенiп тапсырылған бөтеннің мүлкін жасырын жымқырғаны үшін бас бостандығынан шектелді

Сенiп тапсырылған бөтеннің мүлкін жасырын жымқырғаны үшін бас бостандығынан шектелді

Сенiп тапсырылған бөтеннің мүлкін жасырын жымқырғаны үшін 1 жыл 6 айға бас бостандығы шектелді. Сырдария аудандық сотында Қазақстан Республикасының ҚК-нің 189-бабы 1-бөлігмен сотталушы К.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотталушы К. жәбірлеуші Т.-дан жалға алып тұрып жатқан Сырдариярия ауданы, Тереңөзек кенті, Қазақ көшесі №31Б мекен-жайдың ауласында сақтаулы тұрған көлемі 5 тонна болатын қиыршық тасты жасырын жымқырған. Нәтижесінде қылмыстық әрекеттер салдарынан жәбірленушіге жалпы 35 000 теңге мүліктік шығын келтірілген. Басты сот талқылауы барысында сотталушы өз кінәсін толығымен мойындаған.

Сотталушының кінәсі жәбірленушінің, куәлардың жауаптарымен, оқиға болған жерді қарау хаттамаларымен және басқа да іс-құжаттарымен дәлелденген.

Сот үкімімен К. ҚР ҚК-нің 189-бабының 1-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 1 жыл
6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.

Сырдария аудандық соты
Фото: Нұрболат Нұржаубай
15 қаңтар 2025 ж. 40 0