Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Мал ұрлығы ауыр қылмыс

Мал ұрлығы ауыр қылмыс

Сырдария аудандық сотында Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 188-1-бабының 3-бөлігінің 1)-тармағымен мал ұрлығы дерегі бойынша айыпталған А. және К.-қа қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотта анықталғандай, А. және К.  алдын ала сөз байласу арқылы, адамдар тобымен жайылымда жүрген бөтеннің малын ірі мөлшерде яғни
12-калибрлі, тегіс ұңғылы, «ATA NEO» үлгісіндегі аңшы мылтығымен атып, бірнеше рет жасырын жымқырып, нәтижесінде 6 жәбірленушіге материалдық залал келтірілген.

Сотталушылардың қылмыстық әрекеттері өздерінің айыбын мойындаған жауаптарымен, сондай-ақ, жәбірленушіледің жауаптарымен, беттестіру және оқиға болған жерді нақтылау хаттамаларымен, сараптама қорытындыларымен және іс бойынша басқа да дәлелдемелер жиынтығымен дәлелденген.

Қылмыстық заңнамаға сәйкес бұл қылмыстық әрекеттер ауыр қылмыстар санатына жатады.
Сот үкімімен сотталушылар  А. және К. Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 188-1-бабы 3-бөлігінің 1) тармағымен кінәлі деп танылып, 5 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.


Сырдария аудандық соты
Фото: Н.Нұржаубай
27 маусым 2025 ж. 245 0