Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№68 газет

08 қыркүйек 2026 ж.

№67 газет

05 қыркүйек 2026 ж.

№ 66 газет

01 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » Діни алауыздықты насихаттағаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылды

Діни алауыздықты насихаттағаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылды

Сырдария аудандық сотында Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 174-бабы 1-бөлігінде көзделген сотталушы М.-ге қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотталушы М. 2024 жылдың қаңтар айында әлеуметтік, рулық, нәсілдік, тектік-топтық немесе діни алауыздықты қоздыру мақсатында әлеуметтік желідегі «Теlegram» мессенджеріне «М» деген атауымен тіркеліп, өзінің жақын туыстарына және таныстарына жеке-жеке чаттарына діни мазмұндағы ақпараттарды жариялаған.

Сотталушының кінәсы сараптама қорытындысымен, қарап-тексеру хаттамасымен және өзге де құжаттармен дәлелденген.


Сот үкімімен сотталушы М. Қазақстан Республикасының ҚК-нің 174-бабы 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 3 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енбеген.

Фото:Ашық дереккөзден
03 қазан 2024 ж. 341 0