Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Есірткі затын аса ірі мөлшерде өткізіу мақсатында заңсыз сақтаған және егіп өсіргені үшін бас бостандығынан айрылды

Есірткі затын аса ірі мөлшерде өткізіу мақсатында заңсыз сақтаған және егіп өсіргені үшін бас бостандығынан айрылды

Жыл басында «Turkistan.tv» телеарнасында және «kaz.inform.kz»   әлеуметтік желісінде жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде 40 жастағы ер адам ұсталып, оның өз үйінде аса ірі мөлшерде есірткі затын егіп өсіріп, сақтағаны анықталғаны жөнінде хабарланған.


Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары аяқталып, қылмыстық істі сотқа жолдаған.
Сырдария аудандық сотында ҚР Қылмыстық Кодексінің 297-бабы 3-бөлігінің 3) тармағымен және 300-бабы  2-бөлігінің  3) тармағымен сотталушы  Р.-қа қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотталушы Р. өзінің тұрғын үйінің жатын бөлмесін арнайы фитозертхана ретінде жасап, арнайы тыңайытқыштарды, таразыны, жасанды жарық шамдарды, ультра күлгін сәулесін және желдеткіштерді пайдаланып, құрамында есірткі заттары бар өсіруге тыйым салынған сора өсiмдiктерін

78 дана гүл өсіретін пластмасс ыдыстарға заңсыз егіп, өсірген және сол уақытқа дейін егіп, өсірген сора өсімдігін кептіріп, оның жапырақтарын аса ірі мөлшерде, яғни пласмасс ыдыста  есірткі заты кептірілген марихуананы заңсыз сақтаған.

Сотталушының қылмыстық әрекеті өзінің кінәсін ішінара мойындаған жауабымен, куәлардың айғақтарымен, оқиға болған жерді қарау хаттамасымен, сараптама қорытындыларымен және іс бойынша басқа да дәлелдемелер жиынтығымен дәлелденген.

Сот кептірілген марихуана мөлшерін бір адам тұтынуына тым көптігін, өсіріп жатқан сора өсімдіктерінің мөлшерін, егіп өсіру тәсілін яғни фитозертхана жасауын, оқиға орнында таразы анықталуын ескеріп бұл әрекеттің есіріткіні өткізу мақсатында жасалған деген түйінге келді.
Сот үкімімен Р. ҚР Қылмыстық Кодексінің 297-бабы 3-бөлігінің 3) тармағымен және 300-бабы 2-бөлігінің 3) тармағымен кінәлі деп танылып, ҚР ҚК-нің 58-бабы 3-бөлігінің талабына сай оған түпкілікті  7 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
 
Сырдария аудандық соты
Фото: Н.НҰРЖАУБАЙ
19 маусым 2025 ж. 300 0