Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№22 газет

28 наурыз 2026 ж.

№ 23 газет

23 наурыз 2026 ж.

№ 20 газет

17 наурыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Едіге Емберді ауыр атлетикадан әлем чемпионы атанды

Едіге Емберді ауыр атлетикадан әлем чемпионы атанды

Қазақстандық ауыр атлет Едіге Емберді жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында алтыннан алқа тағынды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Мексикадағы турнирде отандасымыз 73 келіде сынға түсіп, қоссайыс қорытындысы бойынша 306 (134+172) келімен алдына жан салмады.

Екінші орын өзбекстандық Диорбек Эрматовқа бұйырса, үздік үштікті Канададан келген Брайан Ибаньес Герреро түйіндеді.  

Еске салайық, осыған дейін Ерасыл Сәулебеков (67 келі) әлем чемпионы атанса, Ерасыл Омаров (55 келі) пен Александра Беленко (40 келі) турнирдің қола жүлдесімен марапатталды. Жасөспірімдер арасындағы әлем біріншілігі маусым айының 18 дейін жалғасады.
15 маусым 2022 ж. 940 0