Топ-баннер
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№17 газет

03 наурыз 2026 ж.

№16 газет

28 ақпан 2026 ж.

№15 газет

24 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Ауыр атлетикадан әлем чемпионатында Қазақстан қоржынына тағы бір медаль түсті

Ауыр атлетикадан әлем чемпионатында Қазақстан қоржынына тағы бір медаль түсті

Мексиканың Леон қаласында ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстан қоржынына екінші медаль түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстан ауыр атлетикасы федерациясынан мәлім еткеніндей, Ерасыл Омаров 55 келіге дейінгі салмақта үшінші орынға ие болды.

Ерасыл қоссайыс қорытындысында 224 килограмм (100+124) жинады. Бұл салмақта үндістандық Гурунаиду Санапатхи (104+126) әлем чемпионы атанса, Сауд Арабиясының өкілі Калитит Али Маджит (105+124) күміс медальды олжалады. Еске сала кетейік, бұдан бұрын Қазақстанның ауыр атлетикадан алғашқы медалін жеңіп алғанын жазған болатынбыз.

Александра Беленко 40 келіге дейінгі салмақта үздік үштікке іліккен еді.

13 маусым 2022 ж. 687 0