Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстандық ауыр атлет әлем чемпионатында күміс жүлдеге ие болды.

Қазақстандық ауыр атлет әлем чемпионатында күміс жүлдеге ие болды.

Ауыр атлетикадан жеңіл салмақта жүлде алған алғашқы қазақстандық спортшы атанды. Қазақстандық ауыр атлет Арли Чонтей Ашхабадта өтіп жатқан әлем чемпионатында алғаш болып ұлттық құрама қоржынына жүлде салды. 55 келіге дейінгі салмақта бақ сынаған спортшы күміс медаль еншіледі.

Арли Чонтей жұлқа көтеру жаттығуын 115 келіден бастады. Кейіннен 118 келі тартатын зілтемірді басынан асырды. Үшінші мүмкіндігінде 120 келіні де көтеріп, үздік нәтиже көрсетті. Солтүстік Корея елінен келген танымал ауыр атлет Ом Юн Чхоль алғашқы мүмкіндігінде-ақ 120 келіні көтерді. Кейінгі екі мүмкіндігінде мүлт кетті. Серпе көтеруде қазақстандық спортшының үздік көрсеткіші 138 келі болды. Ал солтүстік кореялық спортшы алғашқы мүмкіндігінде 155 келіні, соңғысында 162 келіні басынан асырып, төртінші рет әлем чемпионатында топ жарды.
Қос бағдарлама қорытындысы бойынша Арли басты қарсыласынан 24 келі аз көтерді. Ал қола медальды италиялық Мирко Скарантино еншіледі. Айта кетейік, Арли Чонтей 2016 жылғы Олимпиада ойындарында 56 келіге дейінгі салмақта жүлдеге бір адым жетпей, төртінші орын алған болатын. Сондай-ақ әлемдік жарыста ауыр атлетикадан жеңіл салмақта жүлде алған алғашқы қазақстандық спортшы атанды. Әлем чемпионатындағы алғашқы жүлдесін алды.

03 қараша 2018 ж. 1 178 0