Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

ЕСКІ КӨШЕ

Ескі көшенің бойы талай адамға таныс. Ең бірінші тұрғыны о дүниелік болғалы қай заман. Бұрын бұл маңнан адам арылмайтын. Қазір ше... Қым-қуыт тіршілікпен барлығы жаппай қалаға көшіп жатыр. Зәулім сарай тұрғызғанымен заманы тозған. Дүниені жиғанмен адамы азған. Қарап тұрсаң тұрмысы өзгеше.
Қазақы тамның тамтығы да қалмаған. Шалғайда жүрген бір азамат туған жеріне оралады. Көшеде кезіккен адамның барлығы бөтен. Ақырында белі бүкірейген,бетін әжім басқан бір кісіні жолықтырады.  
– Амансың ба, замандас?  
– Есен-саумыз! – Мені сені танымадым. Кімсің?
 – Әзілің бе? Жан-жолдасың, емеспін бе?
– Қайдағы... Менде сендей дос болмаған.
– Қайран күндер әлі есімде.
– Тоқта... Бізді адам құрлы көрмеген жанды тануға міндетті емеспіз.
– Мен бе солай жасаған. Қашан?  
– Сол күні. Елу жыл бұрын.  Анаң ұзақ сапарға аттанған уақытта. Қараны естіртпек едік. Ал, сен болсаң үйіңнің табалдырығын аттамақ түгіл, жолатпаған едін. Қалалықтың басы төмен қарай түсіп, қателігі есіне оралды.
– Ағаттық менен...
 – Бізді қойшы. Анаңның әруағынан ұят болды.

Балтабай ОРДАБЕКОВ
29 шілде 2019 ж. 735 0