Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

Дауласу


«Қанша кәллә болса сонша ой болады
» дей ме, осы сөз рас-ау. «Дауласқан адамның екеуі де ақылсыз» деген тұжырыммен келісер болсақ, өмір сүрудің өзі оңтайланар еді. Себебі дауласқан адамдар соңыра келгенде екі бөлек дүниені айтып жатқаны белгілі болады. Бірі алманы домалақ дейді, ал бірі – қызыл дейді. Мұны түсінген екеу де ойлағысы келмей, тұжырымды шеткері итереді. Ал төмендегі мысал дауласудың еш керегі жоқ іс екенін тағы бір дәлелдей түспек…
«Мен!» деген философ данагөй ақсақалға келіпті. Оның ойы ақсақалды сөзбен жеңіп, ел алдындағы даңқын аспандату еді. Данагөй шал бірінші болып тіл қатыпты:
— Амансың ба, — деді ақсақал, – Сұрағыма жауап берші.
Қонақ іштей ой қуалап тына қалды, ақсақал сөзін жалғады.
— Түтінді құбыр ішіне түскен екі адамның бірінің беті күйе де, ал екіншісінің беті тап-таза. Қайсысы жуынуға барады?
Жас философтың екі көзі шарасынан шыға жаздады.
— Бұл мені жеңіп кетудің бір амалы ма?
Ақсақал үндемеді.
— Әрине, кімнің беті күйе болса, сол жуынуға барады да!
— Дұрыс емес. Ақылмен ойлап көр: беті күйе адам екіншісіне қарайды да, өз бетін де таза деп ойлайды. Ал беті таза адам серігінің беті лас болған соң, өзінің де бетін таза емес деп шешіп, жуынады.
— Мен мұны ойламадым. Қызық екен – мен логикалық қате жібердім! Тағы бір сынақтан өткізіңіз!
— Жарайды. Түтінді құбыр ішіне түскен екі адамның бірінің беті күйе де, ал екіншісінің беті құлан таза. Қайсысы жуынуға барады?
— Енді… Екеуі де жуынуға барады.
— Дұрыс емес. Екеуі де жуынуға бармайды. Ақылмен ойлап көр: беті күйе болған адам беті таза адамға қарайды да, өзінің де беті таза деп ойлап жуынуға бармаса, ал беті таза адам беті кір адамның жуынуға бармайтынын білген соң, ол да жуынбайды.
Жас философ састы да қалды.
— Сеніңізші, мен дұрыс жауабын табамын! Тағы да бір рет сұрақ қойыңызшы!
— Жарайды. Түтінді құбыр ішіне түскен екі адам…
— Ой, құдай-ай! Олардың ешқайсысы да бармайды!
— Дұрыс емес. Айтшы, екі адам да түтін құбырға түскен соң, қалайша біреуінің ғана беті күйе болады? Қалайша түсінбейсің? Бұл ойсыз сұрақ. Егер сен өміріңді осындай ойсыз сұрақтарға арнайтын болсаң, жауаптарың да ойсыз болмақ.
01 наурыз 2018 ж. 1 404 3

Гость JeaOrer от 7 ақпан 2019 09:58
Foro Cialis Levitra Viagra Comparacion Viagra Cialis Levitra Cialis Sans Ordonnance Danger cialis price Buy 125 Mcg Synthroid Priligy Origine Buy Alli Refill Pills Online

Гость JeaOrer от 19 ақпан 2019 20:37
Rx Cheap Propecia cialis tablets for sale Buy Kamagra Pattaya Buy Combivent In Mexico Finasteride Shop

Гость JeaOrer от 10 наурыз 2019 19:50
Cialis Dosis Maxima El Viagra Tiene Vencimiento Clomid Maladie De Ventre antabuse over the counter generic Medicament Propecia Cialis Generique Ordonnance Marcas De Propecia