КӨШЕ БОЙЫ «КӨЛ БОЛДЫ»
Көше қапталында орналасқан жаяу жүргінші жолының әрі кетсе ені бір жарым метрден аса қоймайтыны белгілі. Бұл жолмен таңсәріден кімдер жүрмейді десеңші, шіркін? Сөмкесін асынған бала, жұмысына асыққан қызметкер, өріске малын айдаған шаруа адамы, таяғына сүйенген қария. Барлығы ерсілі-қарсылы жүріп-ақ, сан мәрте бір-бірімен ұшырасады. Осы тұста ешқашан түгісілмейтін сан түрлі көпшілік қарекетінен талай дүниені аңғарасыз. Қара жерге табанымыз тиген мезетте бірсәт қасиетін сезіне алсақ ғажап-ақ. Расында қауырт тіршілікке байланған кез-келген адам еркінен тыс кейбір жайсыз әрекет жасағанын білмей де қалады. Мысалы әңгімелесіп тұрған адамның сыртынан қарасаңыз, олардың тұрысынан ешқандай сөкеттік көре қоймайсыз. Ал жақын келсеңіз... тіпті айтуға ынғайсыз.
Асылында еріксіз өріскел қателікті түзеуде әрбір адам саналы түрде қадам жасауы керектігі көпшілік арасында жиі айтылады. Әлгінде көше бойындағы көріністің астарына үңілген жағдайда қарапайым жанның сырт көзге бейқамдығы аңғарылады. Жалпы қоғамда тәрбиенің қайнар көзі кез-келген жағдайға бейімделу арқылы қалыптасатындығын ескергеніміз абзал. Барлығымызда жол бойынан өтіп бара жатып жөнсіз түкіре салатынымыз анық. Бұл әрекет өзге адамның бойында жиіркеніш сезімін қалыптастыраны да рас. Оны көрген кез-келген жанның бойында психологиялық тұрғыдан ашушаңдық реакциясын тудырады. Одан бөлек адам сөлінен бөлінген қоздырушы вирус өзге біреуге кері әсерін береді. Бұл енді гигиеналық тұрғыдан алғанда қоршаған ортаға қауіпті әрекет. Себебі сол түкірік ауру қоздырушы вирус болса ше?! Ол адам әлдеқандай жұқпалы аурумен ауырса ауа арқылы басқа адамға тез жұғатыны тағы бар.
Мұндай қоғамда белең алған құбылысты жою өзіміз жанды қозғалысқа түсетін, тығыз қарым-қатынаста болатын ортаға бейімдеу арқылы жүзеге асады. Барлығымыз элиталық топтың өкіліне, саналы азаматтың қатарына кіру үшін күнделікті өзіміз жасауға міндетті іс-әрекетімізге сараптама жасап, отыруымыз қажет. Сонда ғана қоршаған ортаның заңдылығын сақтай отырып, бойымыздағы жағымсыз әрекеттен арылатынымыз анық.
Б.ОРДАБЕКОВ