Бірқатар партияның съезі өтті
Өткен аптада Астана қаласында бірқатар партияның съезі өтті. Ең алдымен, «AMANAT» партиясының кезекті съезі ұйымдастырылды. Келесі күні елордада «Ақ жол» партиясының съезі жүзеге асты. Ал жексенбі күні «Әділет» партиясының II съезі өткен еді.Айта кетейік, «AMANAT» партиясының кезекті съезінде Қазақстанның барлық өңірінен келген делегаттар, Саяси кеңес мүшелері, Парламент депутаттары, «Жастар Рухы» жастар қанатының белсенділері қатысты. Жалпы саны 1500-ден астам адам бас қосты. Бұл ретте, съезде делегаттар «Әділет» партиясына қосылу туралы стратегиялық шешімді бірауыздан қолдап дауыс берді. Съезд мақұлдаған бұл бастама партия қауымы елдің жасампаз даму бағыты мен Президенттің стратегиялық саясатын қолдау үшін біртұтас әрі топтасқан алаң ретінде әрекет етуге дайын екенін көрсетті.
Ал «Ақжол» партиясының съезінде төраға қызметін 15 жыл атқарған Азат Перуашевтың орнына Дания Еспаева, «Ақ жол» демократиялық партиясының төрағасы болып сайланды. Съездің күн тәртібінде бірнеше мәселе қаралып, маңызды бірқатар шешім қабылданды.
«Әділет» партиясының II Съезінің күн тәртібінде партияны одан әрі дамыту, өңірлік филиалдар құру, ұйымдық құрылымды нығайту және ел дамуы жолындағы ортақ міндеттер төңірегінде саяси күштерді топтастыру мәселелері қаралды. Съезд қарсаңында стратегиялық сессия ұйымдастырылып, делегаттар партияның алдағы кезеңдегі басым бағытын талқылады. Талқылау қорытындысы бойынша делегаттар Amanat партиясының «Әділет» партиясына қосылуы туралы шешімді қолдады. Тиісті шешім II Съездің қаулысына енгізілді.
«Тт» ақпарат











